БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БҮКІЛ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСУЫ ҚАЖЕТ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында жария етілген жаңа экономикалық бағдарламаны жүзеге асыруға бүкіл өңірлер қатысуы қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев алға қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыру үшін облыс әкімдерінің бар мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы керектігіне назар аударды.

Сондай-ақ, әкімдер Президентке өздері басқарып отырған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

 

ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Зайроллаұлы Нығматуллин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.


БИЛІК 13 қараша 2014 г. 1 037 0