МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Президент Жарлығымен жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы – «Тар кезең» тарихи романы үшін, ақын Гүлнар Салықбаева – «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін; әнші Пантелей (Лаки) Кесоглу – «Песня – душа моя» жеке концерті үшін; композитор Балнұр Қыдырбек – «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін; авторлар ұжымы: Асқар Мырзахметов, Бақытжан Әшірбаев, Насир Рустамов, Әмірхан Шүменов, Нұрлыжан Бөкебаев – Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументальдық саябақ кешені үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.


БИЛІК 11 желтоксан 2014 г. 1 421 0