КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫМЕН КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ

Қызылорда облысының Ассамблея мүшелері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты саяси додада айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтайды.
Біз әлемді шарпыған бүгінгідей дағдарыс кезеңінде тек Нұрсұлтан Назарбаевтай нағыз көшбасшы ғана елімізді әлеуметтік дамудың шыңына шығарарына сенеміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып отырған бес институционалдық реформа бүгінгі заман талабынан туындаған бастама.
Қазақстандық қоғамды модерни­зациялаудың басты бағыттары – заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және әртараптандыруды негіз еткен экономикалық өсім, біртұтас болашақтың ұлты, сондай-ақ,транспарентті және есеп беретін мемлекет. Бұл баршаға бірдей осы заманғы мемлекет құрудың негізі.
Бүгінде елімізде жүзден астам ұлт пен ұлыстың, 17 конфессияның өкілдері ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп келеді.
Біз бір халықпыз, біз – қазақстандықпыз.
Мемлекет басшысының  біртұтас болашақтың ұлтын жасақтау бағытындағы тапсырмасы қазақстандық қоғамды одан әрі біріктіріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі.
Бес институционалдық реформа аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету барша қазақстандықтың бірдей мүмкіндікке ие болуына жол ашады.
Елбасымызбен бірге біз қуатты әрі гүлденген мемлекетте тұруға қол жеткіземіз.
 
Г. ЩЕРБАКОВА,
«Славяне» этно-мәдени орталығының
жетекшісі.
БИЛІК 30 сәуір 2015 г. 1 217 0