АҚТӨБЕДЕГІ ҚЫЗЫЛОРДА КҮНДЕРІ

48

0

АҚТӨБЕДЕГІ ҚЫЗЫЛОРДА КҮНДЕРІ: ТИІМДІ
КЕЛІСІМДЕР ЖАСАЛДЫ

Елбасының өңіраралық кооперацияны дамыту туралы тапсырмасына
сәйкес Ақтөбе мен Қызылорда облыстары арасындағы байланыс беки түсті. Осы
бастамаға орай Ақтөбеге сапар шеккен Сыр бойы делегациясын облыс әкімінің
орынбасары Серік Қожаниязов бастап барды. Топ құрамында «Арал тұз», «Абзал және
К», «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС-лары, «Сыр маржаны» секілді белгілі
кәсіпорындар өкілдері, өзге де сала мамандары мен филармония ұжымының
өнерпаздары болды.

 

Әуелі қызылордалықтар Ақтөбенің экономикалық-әлеуметтік және
мәдени-спорттық әлеуетімен танысып шықты. Мұнан соң өнеркәсіп салаларының
өкілдері қаладағы «Ақтөбе мұнай қондырғылары және сорғылар дайындау»,
«ЭкотонБатыс», «Назар Трейлер», «Каспий плюс» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі сияқты ірі кәсіп­орындарда болып, ондағы жұмыс барысын көрді. Ал
ауылшаруашылық саласының мамандары «Ақтөбе жы­лыжай» ЖШС-ның, «АкТЕП» ЖШС мал бордақылау алаңы мен ет
комбинатының жұмысын көріп, оң бағасын берді. Осы орайда ауыл шаруашылығы
саласы бойынша ақтөбелік «Айс плюс» ЖШС мен «Молочные истории» ЖШС секілді ірі
кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіліп,нәтижесінде кәсіпкерлер арасында құны 789,7 млн теңгені құрайтын 5
меморандумға қол қойылды.

Медицина саласының қызметкерлері заманауи үлгідегі медициналық қондырғылармен
жабдықталған «Дару» оңалту орталығын, облыстық ересектер ауруханасы мен
құрылысы басталған офтальмалогиялық аурухана жұмысымен танысты. Бастысы сапар
барысында өңірде медициналық кластер және медициналық туризм құру жобасының
жемісті боларына көз жеткізді.

Ақтөбедегі Қызылорда облысының күндері аясында «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалы ғимаратында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек
Сапарбаевтың қатысуымен жиын болып өтті. Онда облыс әкімдіктері арасында өзара
ынтымақтастық және аймақаралық байланыстарды нығайту жөніндегі меморандумға қол
қойылды. Жиын кезінде облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен Ақтөбе
облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев екі өңірдің
экономикалық-әлеуметтік даму бағыттары жайлы айтып өтті. Осы ретте меморандумға
сәйкес алдағы екі жылдың ішінде екі облыс импорт алмастыру мен тұтынушылар үшін өнімді
арзандату бойынша жұмыстарды күшейтуді жоспарлап, құны 3,3 млрд теңге болатын
өнімді тікелей жеткізу жөнінде 30-данастам келісімге қол қойылды.

Біздің облыс осы жылдың соңына дейін Ақтөбе об­лысына 11 мың
тоннадан асатын азық-түлік пен ауыл ша­руа­шылығы өнімдерін жеткізетін болды.
Алдымен Т.Ах­танов атындағы облыстық драма театрында жергілікті өнер
шеберлерінің қойған «Сыр – Алаштың
анасы» атты концертіне көрермендер көп
жиналды. Сондай-ақ, Ғ.Жұ­банова атындағы облыстық филармонияда өткен Тұр­мағамбет
атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің концерті де ақтөбеліктердің көңілінен шықты.
Осылайша сапар барысында тиімді келіссөздер жасалып, Сыр өнерпаздары екі күн
бойы Ақтөбе халқын ән мен жырға бөледі.

 

Сара АДАЙБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз