АЙҚЫН МАҚСАТҚА ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІК ЖЕТКІЗЕДІ

87

0

Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың облыстық мәслихат сессиясындағы сөйлеген сөзі
Құрметті депутаттар! Әріптестер!
Баршаңызға белгілі, өткен жылдың сәуір айында біз аймақта атқарылатын жұмыстардың іс-қимыл Жоспарын қабылдадық. Дәл бүгін аталған іс-қимыл Жоспары орындалды деуге толық негіз бар. Өйткені Жоспарда көрсетілген 175 шараның тек үшеуі ғана орындалмады. 
Аталған жоспарлы жұмыстардың орындалмауына өзіндік объективті себептер бар. Сонымен қатар, бұл мәселелер бойынша жұмысты биыл да жалғастырып, оның нәтижелі болатынына сенемін.
Күні кеше мен облыс әкімінің 2014 жылға арналған іс-қимыл Жоспарын бекіттім.
Енді Сіздерді соның негізгі бағыттарымен таныстырып өтсем деймін.
Ұлт көшбасшысының биылғы Жолдауында еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары мен осы жылғы басты міндеттер нақты айқындалған.
Біз өз жұмысымызға ғалымдар мен мамандарды араластыра отырып облыстың соңғы жылдардағы даму қортындыларына талдау жасап, басқа аймақтармен салыстырып, алдағы мақсаттарымызды белгіледік. Сондай-ақ аталған мақсаттарға жететін жолдарды қарастырдық. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, өткен жылдың аяғында облыстың 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын қабылдағанымыз баршаңызға мәлім. Басын ашып айтатын мәселе, бұл қатардағы құжаттардың бірі емес. Бұл – біз үшін аса маңызды құжат!
Кезінде Америка Құрама Штаттарының Президенті Джон Кеннеди: «Біздің мақсатымыз – өткенге өкпемізді білдіру емес, болашаққа бағытымызды белгілеу» деп айтқан екен.
Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – артта қалған олқы тұстарымызды жойып, облыстың даму динамикасына жаңа қарқын беріп, орташа республикалық көрсеткіштерден төмен болмайтын дәрежеге жеткізу.
Қызылорда облысы мемлекетіміздің дамуында өзінің лайықты орнын алуға тиіс.
Бұл біздің болашақтағы мақсатымыз! Ал оған жету үшін барлық тиісті шаралар қабылдануы қажет.
Облыс әкімінің 2014 жылға арналған іс-қимыл Жоспары өзінің негізін Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттерден алады. Сонымен қатар, ол біздің негізгі стратегиялық  мақсаттарымызды есепке ала отырып жасалған.
Жоспардың басты мақсаты – аймақ экономикасын дамыту және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады.
Биыл кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау, апаттық жағдайдағы мектептердің мәселелерін шешу, инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде облысты газдандыру мәселелеріне баса назар аударамыз.
Енді аталған мәселелер жөнінде толық айтайын.
Бірінші.
Аймақтың экономикалық құрылымын өзгерту бойынша бастаған ауқымды және ұзақмерзімді жұмысты жалғастыруымыз керек.
2013 жылы өңдеу секторында өндіріс көлемі 19 пайыздан аса өсті. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі (3-орын). Сонымен қатар, мамандардың айтуынша аймаққа келесі жеті жыл бойы өңдеу өнеркәсібінің ортажылдық өсуін 15%-дан төмен  болмауын  қамтамасыз ету қажет.
Бұл мақсатқа жету үшін негізгі шарт – металлургия саласын дамыту қажет деп білеміз. Осы ретте біз алғашқы практикалық қадамдарға көшуіміз керек. 
Жақын уақытта «Байқоңыр» ӘКК әлеуетін пайдалана отырып, инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, ферроқорытпа зауытының құрылысын жүзеге асыратын бірлескен кәсіпорын құру жоспарда бар.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация іс жүзінде аймақтық даму институтына айналғандығын атап өткен жөн. Оған қоса, экономикалық өсімнің жетекші функциясын атқарады, сондай-ақ әлеуметтік салада да рөлі маңызды.
Айтпақшы, өткен жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның соңғы екі жылдағы шығындарын жауып, корпорацияның жылды еш шығынсыз жабуына қол жеткіздік. Бұл корпорацияның еншілес және тәуелді компанияларын есепке алғандағы жағдай екенін айтқан ләзім.
Биылғы жылы корпорация алдында бәсекелестік ортада іске асқан жобаларға қатысу үлесін бастау мақсаты тұр. Оны нақты қолдау шаралары қабылданды. Ендігі кезекте жаңа маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы бөлу қажет. Одан соң бизнес іске кірісуі керек. 
Ферроқорытпа өндіретін зауытқа келетін болсақ, бұл кәсіпорын төмен алюминийлік ферросилиций, кремний карбидін, ферромолибден шығаратын болады. Жоспар бойынша өндірілетін өнім көлемі жылына 150 мың тонна болмақ. Осының арқасында мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» Қорымен бірлесіп «Шалқия» кен орнын дамытуды мақсат қылып отырмыз. Бұл өз кезегінде кен шығаруды 4 млн. тоннаға дейін ұлғайтып, жаңа металлургиялық кешен құрылысын бастауға мүмкіндік береді деп күтілуде.  
 Облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Әміреевке минералдық шикізат кешенін қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталықпен бірлесіп, сирек кездесетін металдарды өндіру мүмкіндіктерін зерттеу тапсырылды. 
 Сонымен қатар, мырыш, қорғасын, алтын және мыс қорлары бойынша іздеу-барлау жұмыстары жалғаса береді. Темір және полиметалдық кен қорларына зерттеу жүргізу үшін дайындық басталып жатыр.
Басқа жобаларды жүзеге асыру бойынша да жұмыстар жүйелі түрде жүре беретін болады: теміржол, тау-кен және мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті қосалқы бөлшектер шығаратын машина жасау зауытын құру – негізгі міндеттердің бірі. Полимер құбырын, цемент, әк шығаруды ұйымдастыру да күн тәртібінде тұрған мәселе. Қызылорда қаласында салынатын шыны зауытының құрылысын қазіргі заманға сай неміс технологиясымен жасауға шешім қабылдадық. Осы жылдың  маусым айында шыны зауытының құрылысы басталады деп жоспарлап отырмыз.
Бұл жобалардың барлығы нақты секторды дамытуға бағытталған және экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Басқа салалардың және шағын бизнестің дамуымен кемінде он мың жұмыс орындарын ашуға, жұмыссыздық деңгейін, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға жағдай жасайды.
 Аймаққа инвестициялар мен технологиялар тарту мақсатында ІІІ және ІV Инвестициялық форумдар өткіземіз.
Сонымен қатар, мұнай-газ секторының даму мүмкіндіктері бойынша жұмыс жасауымыз қажет.
Толыққанды металлургиялық кластер қалыптаспай, басқа салалардың, шағын бизнестің үлесі өспейді. Сондықтан металлургиялық кластердің рөлі аймақ үшін өте маңызды болып қала береді.
Екінші. 
«Мықты бизнес – мықты мемлекет» деп Ұлт көшбасшысы айтқандай, біз ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде кәсіпкерліктің дамуына аса көңіл бөлуіміз қажет.
Аймақта өндірілетін жалпы өнімнің көлемі бойынша алып қарар болсақ, онда кәсіпкерліктің үлесі 8%-ды ғана құрайтынын байқаймыз. Біздің негізгі міндет – 2020 жылға дейін аталған көрсеткішті 25%-ға жеткізу. Бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтерудегі қажетті алғышарттардың бірі болмақ.
Бірақ, біздің облысымызда кәсіпкерліктің даму қарқыны неліктен төмен? Бизнестің дамуына не кедергі?
Кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысына сәйкес, бұл әкімшілік кедергілер (басым көпшілігі қолдан жасалатын) және сыбайлас жемқорлық салдарынан екен.
 Өкінішке орай, кейбір шенеуніктер бизнесті мемлекет тарапынан қолдау саясатын жеке кәсіптеріне айналдырғысы келеді. Дегенмен, кәсіпкерлік түрлі кедергілерге қарамастан дамып келеді. Ал жаңағыдай жөнсіз қылықтарға жол бермеу керек.
Нам вместе предстоит провести серьезную работу по снятию барьеров в развитии малого предпринимательства.
Мы должны объявить малое предпринимательство своеобразной «святой коровой» как в Индии. Процедуры выдачи разрешений и согласований в государственных органах сделать прозрачными и контролируемыми. 
Работники этих организаций должны знать, что находятся под «зорким оком» соответствующих органов. Неотвратимость наказания – хорошая превентивная мера совершения коррупционных преступлений.
Снятие административных барьеров сегодня самое главное для развития бизнес-среды, поскольку инструментов и форм государственной поддержки более чем уже достаточно.
Бизнеспен айналысуға ниет білдіргендерді оқыту бойынша бастаған жұмысымызды жаңа сапалық деңгейде ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлерді Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы аясында қаржыландыруға көмектесу керек. Халыққа шағын несие беру тәжірибесі де лайықты жалғасын табады. Бұл мақсатта 2014 жылы республикалық бюджеттен 5 млрд. теңгеге жуық қаржы тартуды жоспарлап отырмыз.
Кәсіпкерліктің бұқаралық түрін дамыту үшін өзгеше бизнес-жоспарларды әзірлеп, әсіресе халыққа қызмет көрсету саласын кеңінен қамтуға болады. Бұл жұмысқа үкіметтік емес секторды да тарту керек.
Осы ретте бизнес-инкубаторлар мен тренинг-курстар өтетін кәсіпкерлерді қолдау орталығын құру қажет шығар. Кейін ол орталықты тұрақты жұмыс жасайтын көрме кешеніне айналдыруға болады.
Егер қажет болса, кәсіпкерлерді қолынан жетектеп, шағын бизнесті «тәрбиелеп, өсіруіміз» керек. 
Облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Әміреевке облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен, аудан және Қызылорда қаласы әкімдерімен бірге осының барлығын ұйымдастыру, бизнесті қолдау бойынша жаппай ауқымды жұмыс жүргізу тапсырылған.
Ең бастысы, Президент: «Бизнес өркендейтін жерде, мемлекет кедергі болмауы керек» деп алдымызға нақты міндет қойып отыр. Сондықтан алдымен Елбасы айтқан сөздің аражігін ажыратып алу – парыз. 
Біз бизнеске көмектесеміз, бірақ бизнестің де біздің қолдауымызға тиісті жауап қайтаруы қажет. Бірінші кезекте, заңдылықты сақтауда: табыстарын заңдастыру, жұмысшылардың міндетті зейнетақы төлемдерін аудару, электр қуаты мен суды ұрлауды тоқтатулары тиіс.   
Бизнесін заңсыз жүргізетін кәсіпкерлер мемлекет тарапынан болатын жеңілдіктерге дәмеленіп қажеті жоқ. «Алаған қолым, береген» принципі бұл жерде жүрмейді.
Елбасы кәсіпкерлерді біріктіру экономикалық тиімділікті арттырудың маңызды факторы деп бірнеше мәрте айтқан болатын. Осы ретте, біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының жұмысына сенім артамыз. Біздің ортақ міндетіміз мемлекет пен бизнес арасында тиімді қарым-қатынас орнату екенін ескеріңіздер.
Үшінші.
Біз инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлуіміз қажет.
Бұл мәселеге біз былтыр басымдық бердік, ол биыл да маңызын жоғалтпақ емес. 
Инфрақұрылымның даму деңгейіне тек тұрғындардың әлеуметтік жағдайы ғана емес, экономиканың жалпы даму қарқыны да тікелей байланысты екені анық.
Өткен жылы түйткілді бір мәселенің шешімі табылды деп айтуға болады. Осы көктемде әуежайдағы жолаушылар терминалының құрылысы басталады. Жобаның жалпы құнының 20% ғана облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Қалған қаржыны «Қазақстан Темір Жолы» бөледі.
Осы жұмыс аяқталған соң әуежайдың халықаралық мәртебеге ие болу мәселесін де шеше аламыз. Дәл қазірден бастап рейстердің санын көбейту мен жаңа бағыттарды дамыту мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Болашақта Cargo, яғни жүк тасымалдау жағдайын дамытатын күнге де жетеміз.
Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану біз үшін өте маңызды. Осы жолдың бойымен Кеден одағына мүше елдерге қарасты барлық жүк тасымалы өтетін болады. Ал біз осы мүмкіндікті пайдалануымыз керек.
Күрежолдың бойында ірі қойма және сервистік кешендер, оның ішінде жанар-жағармай бекеттерін салу мәселесін шешуіміз қажет. Осы жылы кемінде сегіз сервистік инфрақұрылым кешендерінің құрылысы басталуға тиіс. Бұл өз кезегінде автодәліз құрылысының аяқталуына байланысты бос қалатын адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2015 жылы «Жезқазған-Шалқар-Бейнеу» жаңа теміржолының құрылысы аяқталады. Ол еліміздің Шығысы мен Батысын тікелей байланыстырады және Сексеуіл станциясы арқылы өтеді. Осы теміржол  маршрутының үлкен әлеуетін Арал ауданының дамуы үшін толығымен пайдалану қажет. 
Облыс әкімінің орынбасарлары Н.Н.Әлібаевқа, Ғ.М.Әміреевке Арал ауданының әкімімен бірлесіп Сексеуіл станциясында көлік-логистикалық орталық құру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.
Логистикалық жобалармен қатар, жолдарды орташа жөндеу жұмыстары да жалғаса беретін болады.  
Енді тұрмыстық инфрақұрлымға қатысты айтайық. Аймақты толықтай газдандырудың артықшылығы жалпақ жұртқа жақсы белгілі. Газ – арзан әрі экологиялық таза отын. Сондықтан «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ торабының құрылысын аймақ үшін тиімді пайдалануымыз керек. 
«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамымен бірлесіп қала мен аудандарды газдандыру мәселесі қарастырылуда. Өткен жылы Қызылорда қаласын газбен үзіліссіз қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
Биыл компания аталған мақсаттарға тағы да 16,5 млрд. теңге бөлуге ниеттеніп отыр. Бұл қаржы барлық жеті аудан орталықтарында газ құбырларын және автоматтандырылған газ тарату станцияларын салуға мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар, 100 мыңнан аса адам тұратын облыстың 10 елді мекенінде газ құбырын салудың жобасы әзірленуде.
 Біз 2015 жылы аймақты толықтай газдандыру үшін барлық инфрақұрылымды бүгіннен бастап дайындауымыз керек.
Сонымен қатар, «Арысқұм» кен орнындағы газ кенішін кешенді пайдалану мәселесін шешу бойынша да жұмыс жалғаса береді. Мамандардың болжамы бойынша, егер біз аталған жобаны толықтай іске асырар болсақ, онда өзімізде орналасқан табиғи ресурстардың есебінен облысқа қажетті газдың 63%-дан 84%-ға дейінгі қажеттілігін өтей аламыз. Сонымен бірге, осы арқылы газ бағасын реттеп отыруға да болады.
Облысты энергия қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ҚЭТК-ның (КРЭК) дамуына стратегиялық инвестор тартуды (мүмкін «Самұрық-Энерго» АҚ) мақсат етіп отырмыз. Сондай-ақ, осыған дейін басталған энергетикалық инфрақұрылымның барлық иесіз объектілерін түгендеу және ҚЭТК-ның (КРЭК) басқаруына беру жұмыстарын аяқтау қажет. 
Биыл облыс орталығындағы жылу электр орталығының (ТЭЦ) негізгі жабдықтарын күрделі жөндеуді аяқтап, жылу жүйелерінің тиімділігін көтеруді жоспарлап отырмыз. 
Мұның барлығы электр қуатын, жылу мен суды тоқтаусыз беруге, сонымен бірге қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету де маңызды мәселелердің бірі.
Осыған дейін өзен-көлден немесе суды тасып ішіп отырған елді мекендерге сапалы ауыз су беру мәселесі толығымен аяқталды.
Бұл бағытта біз Өңірлік даму министрлігімен тығыз жұмыс жасап келеміз, республикалық бюджеттен қаржы алынуда. 
Облыс әкімінің орынбасары Н.Н.Әлібаевқа аталған жұмысты жалғастыру  және осы уақыттан бастап 2015 жылға дейін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу тапсырылды. 
Төртінші.
Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері біздің үнемі бақылауымызда болады.
Біздің ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер алдағы уақытта да өздері өсірген күрішті нарықтағы тиімді бағамен сатуы үшін «Байқоңыр» агрохолдингінің жұмысын қолдай береміз. «ҚазАгро» және ӘКК қатысуымен Жалағаш элеваторын модернизациялауды қаржыландыру мәселелері шешімін тапты.
Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологияларды енгізу маңызды деп есептейміз. Осының өзі бізге ауылшаруашылық саласында еңбек өнімділігін көтеріп, өнімді ұлғайтуға, нәтижесінде өндірістің рентабельділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тамшылатып суару жүйесін дамыту қажет.
Көптеген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер ғылыми тұрғыда да, экономикалық жағынан да ауыспалы алқапты пайдалану және  егістікті әртараптандыру (диверсификациялау) тиімді екендігін түсінді. Сондықтан жайылымдық, майлы тұқымдар мен бақша дақылдарын, картоп пен көкөніс алқаптарын ұлғайту жұмыстарын жалғастыру қажет. Біздің климаттық жағдайымыз осының барлығын өсіруге мүмкіндік береді.
Фермерлік шаруашылықтарды қолдау мақсатында облыстық бюджет есебінен мүйізді ірі қараның жергілікті тұқымдарын, яғни қазақтың ақ бас және әулиекөл түлік түрлерін сатып аламыз. «Сыбаға» бағдарламасы аясында бордақылау алаңдары мен мал сою орындарын ұйымдастыру бойынша да жұмыс тоқтамайды.
Өткен жылдан бері «Агробизнес-2020» Бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қаржылай қолдау ала бастады. Бағдарлама аясында жанар-жағармайдың бағасы, суды жеткізу қызметі, мал шаруашылығы өнімінің сапасын көтеру, тыңайтқыштар бағасын арзандату субсидиялануда. Осы жұмысты бұдан әрі тиімді пайдалану қажет. 
Бірқатар инвестициялық жобалар бойынша басталған жұмысты аяқтаймыз. Құрама жем шығаратын және қызыл мия өңдеу зауыты іске қосылады. «Тату агро» ЖШС-ның томат пастасын шығаратын кәсіпорнын іске қосамыз.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі азық-түліктің бағасын бақылау мақсатында тұрақтандыру қорының жұмысын жандандыра береміз. ӘКК-ның әлеуметтік дүкендері тұрғындар арасында сұранысқа ие, сондықтан бұл жүйені кеңейту мәселесін ойластыру қажет.
Бесінші.
Қызылорда және Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің, сонымен қатар, тіректі елді мекендердің кешенді дамуы жалғастырылады.
Бұл – біздің аймақтық дамуымыздың басымдықтары. 
Облыс орталығында әрі қарай автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеп, қала көшелерін жарықтандыру  үздіксіз жалғаса береді.
Қаладағы қоғамдық көліктің тиімді жұмыс істеуіне басталған жобаны аяқтау қажет. Аулаларды көркейтуді жалғастыра беру керек. Құмды құр төгіп тастамай, балалар мен спорт алаңдарын (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың талаптарын міндетті түрде ескере отырып), қарт кісілер демалатын толыққанды демалыс орындарын салу қажет.
Қала тұрғындарымен бірге ПИК (пәтер иелері кооперативтері) жұмысына талапты күшейту керек.
Бүгінде Қызылорда таза қалаға айналуда. Бұл ойыммен келісетін шығарсыздар. Бірақ аталған жұмысты одан әрі жалғастыруымыз қажет. Ағымдағы жылы қаланың коммуналдық қызметтерін арнайы техникамен жабдықтауды аяқтаймыз.  
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту  Бағдарламасын жүзеге асыру жалғасын табады. Өздеріңізге белгілі, 2013 жылы бұл бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландыру тоқтаған болатын. Соған қарамастан, біз Бағдарламаны жүзеге асыруды қолдау мақсатында жөндеу жұмыстарын жергілікті бюджет есебінен жалғастырдық. Биыл осы  мақсатқа республикалық бюджеттен 4 млрд. теңгеге жуық қаржы тартылып отыр. Осының есебінен жүзден аса үйді (бұл жалпы облыс бойынша)  жөндеуді жоспарлап отырмыз.
Облыс орталығындағы апаттық жағдайдағы баспаналардың  орнына жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер сала бастаймыз.
Сонымен қатар, биыл 16 арендалық үй пайдалануға беріледі. Бұл өз кезегінде Қызылорда қаласы мен аудандарындағы 400-ден аса отбасының баспана мәселесін жасқартуына  жағдай туғызады.
Тағы бір жәйт. Тұрғындар көп баратын жерлерде (базарларда, автотұрақтарда, дүкендерде, дәріханаларда) тәртіп орнату қажет. Бұл бизнес мәдениеті мен өмір салтымыздың көрінісі. Мұны орындау қала және аудан әкімдерінің, бірінші кезекте санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының міндеті.
Уәкілетті мемлекеттік органдар ғимараттардың сәулет келбетіне, жарнамалардың сыртқы сипатына тиісті талаптар қою керек.
Биыл Сырдария өзенінің сол жағалау алқабына толық талдау жүргізіп, жоспарлау жобасын бекітеміз. Осыдан кейін ғана сол жағалауды игеруді бастаймыз. Сонымен қатар, қала орталығын сол жағалаумен қосатын көлік көпірінің мәселесін шешетін боламыз. Ал жобаны биыл республикалық бюджеттен берілетін қаржы арқылы шешу керек. Үкімет деңгейінде бұл мәселе келісілген. Облыс әкімінің орынбасарлары Н.Н.Әлібаевқа, Н.Н.Годуноваға тиісті министрліктермен жұмыс жасау тапсырылды. 
Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылының дамуына біз бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Өткен жылдың аяғында Ресеймен бірлескен Жол картасы бекітілді.  Бірақ, оның оңай болмағанын еске салғым келеді. 
Осы Жол картасы аясында біз Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша Кешенді жоспар әзірледік. Қазіргі таңда Жоспардың жобасы салалық министрліктерге келісімге жолданды. Бірақ біз өзімізге алған міндеттемелерді орындауды бастадық. Осы жылғы бюджеттің есебінен өз міндетімізге алған жұмыстарды іске асыру үшін 1 млрд. теңгеден аса қаржы қарастырып отырмыз.
Облыс әкімінің орынбасарлары Р.С.Нұртаевқа, Н.Н.Годуноваға Кешенді жоспардың жобасын барлық мүдделі орталық атқарушы органдармен келісу жұмыстарын аяқтап, бекітуге ұсыну тапсырылды.
Облыстағы 43 тіректі елді мекендерді кешенді дамыту үшін  биылға 8 елді мекен таңдап алынды. Олар: Арал ауданының Сексеуіл кенті, Жаңақорған ауданының Түгіскен, Жалағаш ауданының Мәдениет, Шиелі ауданының Еңбекші, Қазалы ауданының Жанқожа батыр, Сырдария ауданының Ақжарма ауылдары мен  Қызылорда қаласының Тасбөгет және Қармақшы ауданының Төретам кенті.
Аталған елді мекендерді дамытуға қаржы бөлу биылғы  жылдың бюджеттік басымдықтары болады. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері жұмысты мерзімінде және сапалы жүргізуі қажет.
Әлбетте, барлық елді мекендерге, жалпы аймаққа әлеуметтік жағдайлардың жақсарғаны маңызды. Қазіргі күні біз мектеп, аурухана, балабақша мен клубтар салуға зор мүмкіндік алу үшін бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру мәселесімен белсене айналысудамыз. Өз кезегінде  халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар, жанамалы түрде болса да, экономикалық өсудің негізі болмақ.
Сондықтан біз алтыншы басымдық ретінде әлеуметтік модернизациялауды белгіледік.
Білім саласында маңызды бағыт ретінде апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесін қарастырып отырмыз. Мұндай мектептер саны – 24. Осының кемінде жартысын жаңадан салуды жоспарға енгіздік.
Үш ауысымда оқу мәселесін өткен жылы толықтай шештік. 
Бүгінгі таңда облыста 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту республика бойынша жоғары көрсеткішке ие, яғни 81%. Ал республика бойынша  орташа көрсеткіш – 71%. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 86%-ға, ал 2015 жылы 100 %-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, «Балапан» бағдарламасын мерзімінен бұрын жүзеге асыруды алдымызға мақсат етіп қойдық.
 Ал жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс жағынан орын алған республикалық бюджеттің қарызы жақын арада Білім және ғылым министрлігі тарапынан жабылады деп күтілуде. 
Біз өз жұмысымызда қазіргі заман жабдықтары мен жаңа әдістемелерді қолдануымыз қажет. Биылғы жылы мектептерді Эрисман парталарымен, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын Монтессори оқыту кабинеттерімен жабдықтауды бастаймыз.
Өздеріңізге белгілі, еңбек нарығының талаптарына сәйкес техникалық және кәсіби білім беретін колледждерді қайта жасақтауды жүргізіп жатырмыз. Бұл – аса қажет жұмыс. Алайда, аталған мәселені толық шешу үшін жеткіліксіз. Кәсіби білімнің жаңа және қазіргі заманғы ұйымдарын құру қажет.
Биыл осындай үш ұйым құру бойынша жұмыс жасаймыз. Металлургияны дамытудың әлеуетін ескере отырып, Шиелі кентіндегі индустриалды-аграрлық колледжі металлургия саласына қажетті мамандар дайындауға бейімделетін болады. Оқытудың жаңа сапалы деңгейін құру қажет. Сондықтан, біз онда күрделі жөндеу жүргізіп, қажетті жабдықтар алумен шектелмей, оқытушыларды тиісті пәндер бойынша мақсатты түрде дайындаймыз. 
Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» өзінің саласы бойынша колледж ашады деп сенеміз. Ал, біз өз кезегімізде мұнай-газ компанияларымен бірлесіп көмірсутектер шикізаты кен орындарында өңдеу жұмысымен айналысатын мамандарды дайындайтын Тренингтік орталықтың құрылысын бастаймыз. 
Жалпы кәсіби-техникалық білім жүйесінде мектептерде кәсіптік бейімдеуді жандандыру қажет, мамандарды жіберетін кәсіпорындармен жұмысты күшейту керек. Басты принцип – теорияны тәжірибемен ұштастырып, нақты өндірісте оқыту болып табылады. Сондықтан, дуалдық оқытуды енгізетін боламыз.
 Әлеуметтік саладағы жұмысымыздың тағы бір басым бағыты – дәрігерлер мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
 Мұғалім – мектептегі оқу процесінде маңызды рөл атқаратын басты тұлға. Қазіргі оқушылардың қаншалықты білімді, креативті және жауапты болатындығы ұстаздың біліктілігіне байланысты. Осы ұрпаққа ертең аймағымыз бен елімізді дамыту жүктеледі. Сондықтан, ұстаздың кәсіби өсуі маңызды рөлге ие болып отыр.
Дәрігерлерге біз өз денсаулығымызды, кейбір уақытта адамдардың өмірін сеніп тапсырамыз. Сондықтан осы жылы біз мынадай мақсат қойып отырмыз – кемінде 600 мұғалімнің, 550 дәрігердің және орта медициналық персоналдан 1300 адамның біліктілігін арттыруды ұйымдастыру қажет. Оқыту еліміздің жетекші оқу орталықтары мен клиникаларының базаларында үздік мамандардың тәлім беруімен өтеді.    
Дәрігерлерді неғұрлым жоғары санат алуға ынталандыру керек.  
Аймақтық университетті дамыту – бөлек мәселе. Мұнда біздің басты  екі мақсатымыз бар. 
Бірінші – оқыту сапасын халықаралық стандарттар бойынша дамытып, мықты кадр дайындауға мүмкіндік беретін деңгейге көтеру.
Екінші – аймақ экономикасының негізгі салаларын дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми база құру.
Бұл кезең-кезеңімен қол жететін ұзақмерзімді мақсаттар екені анық.
Мысалы, биылғы жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ мен Мәскеу болат және қорытпа институтымен бірлесіп металлургия саласына қажетті мамандар даярлайтын кафедра ашу керек деп есептеймін.
37 жас маманды грант негізінде Мәскеу болат және қорытпа университетіне, Қазан мемлекеттік техникалық университетіне сондай-ақ Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне білімдерін жалғастыру үшін магистратураға жіберу жоспарлануда. Дәл осы жастар біздің металлургиялық кластерімізді дамытатын болады. Тым болмағанда, Қорқыт ата университетінде ұстаздық етер. 
100-ге жуық мектеп бітірушілер Мәскеу болат және қорытпа институтында оқуға мүмкіндік алады. Институтпен тиісті келісімдер жасалды. Сәуір айында біздің 11-сынып оқушылары арасында іріктеу жүргізіледі.
 Аз қамтылған және көпбалалы ауылдық отбасылардан шыққан жастарды одан әрі қолдай береміз. Бұл мақсатта берілетін облыс әкімі грантының санын 300-ге жеткіздік.
Маңызды мәселелердің тағы бірі – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы.
2014 жылы денсаулық сақтау саласының басымдығы ретінде бастапқы медико-санитарлық көмекті дамыту белгіленген.
Жыл ішінде 14 дәрігерлік амбулатория және 4 емхана салынатын болады. 13 ауылдық аурухананы қалпына келтіріп, жабдықтау жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде, аудандарда 22 ауылдық ауруханалар жұмыс жасайды.
Қызылорда қаласындағы перинаталдық орталық пайдалануға беріліп, облыс орталығында көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы басталады.
Сонымен қатар, бірқатар арнайы емдеу-профилактикалық мекемелерге күрделі жөндеу жүргізу үшін қажетті қаржы көздерін қарастырдық. Оның ішінде облыстық инфекциялық аурухана, тері-венерологиялық және наркологиялық сондай-ақ облыстық және қалалық туберкулез диспансерлері бар.
Жеті аудандағы орталық ауруханалар заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл да мақсатты түрде жүреді! Анықтама үшін:  Ультрадыбысты диагностикалық сараптау аппараттары, эндоскопиялық жабдық, жаңа туылғандар үшін қазіргі заман реанимация жүйелері, өкпені қолдап желдету, ингаляциялық наркоз аппараттары. 
Ал осы аппараттарды пайдалану арқылы біз жүрек-тамыр жүйесі сырқатын, онкологиялық ауруларды және адам дамуындағы ақауларды анықтауға мүмкіндік аламыз.
Сонымен қатар, аудандық деңгейде реанимациялық қызметті дамыту мүмкіндігі пайда болады. Көп жағдайда науқасты облыс орталығына тасымалдау қажеттілігі жойылады.
Мұндай жабдықтарда жұмыс жасайтын кадрлар дайындалған.
Денсаулық сақтау объектілерін жабдықтаумен қатар, оларды арнайы медициналық автокөлікпен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлу керек. 2015 жылы бұл мәселе де толығымен шешімін табуы тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, олардың қоғамға бейімделуіне, оның ішінде жұмысқа орналасуына, ерекше назар аударылатын болады. Қазір заңның бұл нормасы мүлдем орындалмайды деуге болады. Бұлай болмауы тиіс. Сырқаты бар азаматтардың қоғамда тең құқықтары болуы керек, олар өздерін шектеулі сезінбеуіне жағдай жасауымыз қажет. 
Наурыз айында бірінші рет мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы бос орындар жәрмеңкесін өткіземіз. Мұндай жәрмеңкелер тоқсан сайын облыс орталығы мен барлық аудандарда ұйымдастырылады. 
Азаматтарды жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлесін азайтатын боламыз.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, көпбалалы аналарға, Ауған соғысы мен Чернобыль зардабын жоюға қатысушыларға тиісті көңіл бөлу керек. Бұл топтағы азаматтарымызға демалыс орындарында емделуге жолдама беру тәжірибесін жалғастырамыз. 
Мәдениет саласын дамыту бойынша да жұмыс өз дәрежесінде жүре береді.
Биыл ауылдарда мәдени қызметкерлерінің штат санын көбейтеміз. Облыстың барлық аудандарына толық жабдықталған автоклубтар алынады («Зерде»). Бұл клубы жоқ шалғай елді мекендерге баруға мүмкіндік береді.
Облыстық театрда жастар труппасы жасақталады, камералық оркестр құрылады, көркемсурет галереясы ашылады. 
Талантты жастар мен мәдениет саласындағы шығармашылық ұжымдарын қолдау үшін алғаш рет гранттар тағайындалды.
Биылғы жылы жаңа драма театрының құрылысы бойынша жоба алдындағы құжаттарды әзірлеуді бастаймыз.
Аймағымыздың мәдени мұрасын сақтап қалу – маңызды міндеттердің бірі. Біз өзімізге жеткен бабалар мұрасын келесі ұрпаққа тапсыруға міндеттіміз. 
Биылғы жылы «Қорқыт ата» кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Жеріңнің аты – бабаңның хаты» деген халықтың ұрпағымыз. Сондықтан биылғы жылы Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат секілді тарихи қалаларда археологиялық зерттеулерді жалғастырамыз.
Ғылымның дамуына байланысты. Мұнда екі әлеуетті басым бағыттарымыз бар – күріш өсіру саласындағы зерттеулер мен металлургиялық технологиялар. Күріш өсіруде көпжылдық тәжірибе мен зерттеулер жеткілікті. Сондықтан біздің бүгінгі мақсатымыз – күріш ғылыми-зерттеу институтының  дамуына жәрдемдесу. Металлургияда біздің компаниялардың жақсы бастамалары бар. Біз аймақтық компаниялардың ғылыми-зерттеу, сынақ-құрылымдау және ғылыми зерттемелер жүргізуін барынша ынталандырып, жәрдемдесетін боламыз.
Спортты дамытумен қатар, қылмыспен, әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресетін боламыз. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуды жалғастырамыз.
Биылғы іс-қимыл Жоспарымыздың негізгі бағыттары қысқаша айтқанда, осындай.
Жақын арада облыс әкімінің 2014 жылға арналған іс-қимыл Жоспарын жүзеге асыру бойынша нақты шаралар бекітіледі. Әрбір тармақ бойынша нақты мерзімдер мен бір ғана орындаушы белгіленеді. Қабылданған Жоспар міндетті түрде орындалуы тиіс.
Жоспардың барлық тармақтары қаржылық ресурстармен қамтылған.
2014 жылға облыс бюджеті 167,8 млрд. теңге  болып бекітілді. Бүгін біз облыс бюджетін тағы да 19,4 млрд. теңгеге нақтылап отырмыз. Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталып қалды. Аймақ бюджетінің 34% білім саласына, 17%-дан астамы денсаулық сақтау саласына бағытталатын болады.
Сонымен қатар, мақсатты шығындар, яки құрылыс, күрделі жөндеу және қажетті жабдықтар алу мақсатында жұмсалған қаржы жыл басталмай жатып өткен жылғы осы бағытта жұмсалған барлық шығыннан 26%-ға (5 млрд. теңгеге) артты. Оның ішінде тек қана білім саласы бойынша 1,5 есеге өскенін айтқым келеді. Қысқасы, облыстың нақтыланған даму бюджеті 51 млрд. теңгені құрады. 
Қаржыларды бөлу кезінде Елбасы міндеттеген іс-шаралар мен Үкімет тапсырмасынан туындайтын мәселелер басшылыққа алынды. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулерінде тұрғындардың, «Нұр Отан» партиясы активінің көтерген ой-пікірлері, сын-ескертпелері, Сіздердің де, құрметті депутаттар,  ұсыныстарыңыз ескерілді: көтерген мәселелерді шешуге қосымша 16,5 млрд. теңге бағытталды.
Бюджеттің дамуына байланысты айтар болсақ, ақпан айында жүргізілетін негізгі әлеуметтік нысандар құрылысының тізімін жасақтау жөнінде уәде берген едім. Әкімдіктің қаулысымен бұл тізім бекітілді.
Негізгі басымдық апаттық нысандардың құрылысына берілді. Дегенмен, тіректі елді мекендерді дамыту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
Бюджет қаржысын игеру тиімділігін көтеруге және сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету мақсатында облыстық мемлекеттік сатып алулар жөніндегі басқарма құрылады. 
Облыс әкімінің 2014 жылғы іс-қимыл жоспарын қабылдау арқылы біз өз жұмысымызды жариялы жүргіземіз. Былтыр мойнымызға алған міндеттердің орындалу жайында ақпан айында халық алдында есеп беремін.
Ал, биылғы іс-қимыл жоспарына облыстың дамуына қатысты нақты бағыттарды енгіздік. Оған ең маңызды, кезек күттірмес,  халықты толғандырған мәселелер кіріп отыр. Алайда, бұл оңай іске аса қоятын шаруа емес.  Бірақ, біз қиындықтан қашпауымыз керек!  Осы тұрғыда әрбір басшының біліктілігі, «Нұр Отан» партиясы активінің, депутаттық корпус пен үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамның әр саласы мүшелерінің ортақ мақсат жолындағы ауызбіршілігі басты маңызға ие. 
Біз  тізе қосып, бірлесіп жұмыс істеген кезде ғана кез келген мәселені шеше аламыз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегенде дана халқымыз осыны анық аңғарған.
Осы бірліктің арқасында ғана Сыр елінің табанымыздың астындағы бар байлық халқымыздың игілігіне, әл-ауқатын арттыруға және болашағымыздың баянды болуына қызмет етеді!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз