Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

59

0

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 871

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау
туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына,
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2008 жылғы
қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары
өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2014
жылғы 1 қазанға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының,
облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын
сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде
шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31
шілде. № 871
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз