ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

54

0

Сыр бойынан барған делегация
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау
рәсіміне қатыстық. Рәсімнен соң сөз сөйлеген Елбасы еліміздің алдында тұрған
ауқымды бес міндетті атады.
Елбасы еліміздің
тұрақтылығына тірек болатын орта санаттағылардың үлесін арттыру, бірыңғай ішкі
нарықты дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, 
жаңа жұмыс орындарын құру, тарихтың жаңа сабағында ұлттық бірлікті
нығайту сияқты міндеттерді нақтылады.
Президент атап өткендей,
Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылған кезеңге куә болып отырмыз. Мемлекет
басшысының «Біз ұрпаққа көркейген елді, нығайған бірлікті, мызғымас тұрақтылық
пен еселенген байлықты мирас етеміз, дамудың даңғылына тың қарқынмен аяқ
басамыз. Бес халықтық реформаны табысты жүзеге асырып, болашағы біртұтас елге
айналамыз», – деген сөзі алдағы күндердің бағытын айқындағандай.
Нұрсұлтан Назарбаев атап
өткен Қазақстан ал­дын­дағы сын-қатер­лердің 
сипаты қандай? Әрине, әлемді жайлаған дағдарыс,  жаһан­дық эко­но­ми­кадағы турбуленттіліктің
жалғасуы, санкциялық, валю­талық және сауда қақтығыстары, климаттың өзгеруінен
болған түрлі апаттар, Орталық Азияның, яғни, біздің өңіріміздің әлемдік
жарықшақтардың жаңа желісіне тап болуы бізден табандылық пен мызғымас бірлікті
талап етеді.  
Елбасы мемлекеттік қызмет
жүйесін ашық және тиімді етуге бағытталған реформа жайында  «Мемлекеттік қызмет жүйесінің алдағы
реформасы ашық әрі тиімді модельді қалыптастырады. Оның аясында қызметкерлер
азаматтардың құқығын сыйлап, олардың заңды мүддесіне қызмет етеді»,– деді.
Сондай-ақ аталған реформа сот жүйесін бейтарап әділ ететіндігін, инвестициялық
сот әділдігі мен үздік халықаралық тәжірибе үлгісіндегі халықаралық арбитражды
орталық еліміздегі бизнес-климатты тартымды ететінін айтты.
Елбасы сайлауалды тұғырнама
ретінде Қазақстанда бес институционалдық реформаны жүзеге асыруды ұсынғаны
белгілі. Сайлаушылардың Мемлекет басшысына сенім білдіруі  бұл реформаларды іске асыруға жол ашып отыр.
Елбасы атап өткендей, алдағы күндері Президент жанынан модернизациялау
жөніндегі Ұлттық комиссия құрылып, бес реформаны жүзеге асыратын мемлекеттік
органдар, бизнес пен азаматтық қоғамның іс-әрекеттерін үйлестіреді.
 
Қылышбай БИСЕНОВ,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік
университетінің ректоры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз