Басқармада жаңа басшы

49

0

Басқармада жаңа басшыКеше облыс әкімдігінде өткен жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып тағайындалған Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетовті таныстырды. 
Аймақ басшысы бұған дейін Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарған Мұрат Жолкелдіұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
–Мұрат Жолкелдіұлы құрылыс саласында тәжірибе жинаған маман. Қала әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы болды. Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін де абыроймен атқарды. Жаңа қызметі де өте маңызды. Өздеріңізге белгілі, Сырдарияның сол жағалауын игеруде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Осы бағытта құрылыстың қыр-сырын жақсы білетін, жұмысты түсінетін маман болуы керек деп ойлаймыз.  Жылдан жылға құрылыс қарқыны еселеп өсуде. Құрылысқа қаралып жатқан қыруар қаржының тиімді игерілуі, құрылыстың сапалы салынуы басшыға байланысты. Сондықтан Мұрат Жолкелдіұлына сәттілік тілеймін,– деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 
ТАҒАЙЫНДАУ
Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
М. Тілеуімбетов 1963 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни¬верситетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы «Қызылорда құрылыс» трестінің жұмысшысы ретінде бас¬тап, аталған мекемеде мастер, инженер-жабдықтаушы және шағын кәсіпорын директоры лауазымында 1995 жылға дейін қызмет атқарған.
1995-2010 жылдары «Интертич-Кезнар» шағын өндірістік кәсіпорнының өкілі, «Ақ маржан» акционерлік қоғамына қарасты «Реалбаза» мекемесінің директоры, «Жабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болған.
2010-2013 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы, бөлім бастығы.
2013-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2014-2015 жылдары Қызылорда облысының құрылыс басқармасы, сондай-ақ 2015 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Айнұр БАТТАЛОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз