Елбасы ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

68

0

Минскіде өткен
отырыста Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға
төрағалық 2015 жылы Қазақстанға өтетініне тоқталып, соған орай біздің елдің
төрағалығында басымдық берілетін бірқатар мәселелерді атады.

– Негізгі мәселелердің бірі –
Достастықтағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту, ТМД кеңістігіндегі
тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бастамаларға атсалысу.
Елдеріміздің көпжақты форматтағы ынтымақтастығындағы өзекті мәселелерді шешуде
Достастықтың рөлін арттыру маңызды. Тағы бір маңызды бағыт – өзара
сауда-экономикалық іс-қимылды арттыру. Бұл тұрғыда Еркін сауда аймағы туралы
Шарттың әлеуетін көтеру де қарастырылады. Өнеркәсіптегі, энергетика, көлік,
аграрлық және басқа да экономика салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру
жөнінде шаралар қабылданатын болады, – деді Қазақстан Президенті.

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің
отырысы барысында мемлекетаралық ынтымақтастықты түрлі салаларда дамытуға
бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз