Елбасы: Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады

73

0

Елбасы: Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге боладыТәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады. Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Тәуелсіздік жылдарынан бері еске алатын болсақ, барлық жағдайымызды Қызылорда өңірімен-ақ салыстырып білуге болады. Кеңес одағы күйреген 90-жылдардың басында менің алдымда бүкіл Қызылорда халқын көшіру турасында мәселе тұрған болатын. Дала қаңырап қалды, жер сортаңданды. Арал аймағында жұмыс қалмай, Сырдың өзінде бірде су тапшы болса, енді бірде асып-тасып жатты. Сонда ақсақалдармен ақылдасып, бәрін қолға алып, жағдай жасауды бастадық. Кіші Аралға халық қайта келіп, балық кәсібіне ден қоя бастады. Қызылорда арқылы өтетін автокөлік желісі салынды. Газ құбыры да батыстан оңтүстікке келді. Сырдың үстінен көпір салынды. Қызылорданың өзі де көркейіп, әлемнің 20 елінде ғана жүрекке жасалатын операция осында жасалатын болды», – деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, басқа тұсқа бармай-ақ бір ғана Қызылорда өңірінің бүгінгі даму деңгейі елдің жетістігін тұтастай паш ете алады.

 
ҚазАқпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз