ЕЛБАСЫНАН КЕЛГЕН СЫЙЛЫҚ

71

0

ЕЛБАСЫНАН КЕЛГЕН СЫЙЛЫҚӨткен жылдың желтоқсан айында қаладағы №112мектептің 2-ші сынып оқушысы Айлина Кәрбозова Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап хат жазған болатын. Онда бірлік пен ынтымағы жарасқан елде өмір сүріп жатқанын мақтан тұтып, ашық аспан астында бақытты балалық шақ сыйлаған Елбасыға алғысын білдірген. Оқушы қыз хатын: «Мені анам қалай жақсы көрсе, сіз де Астананы солай жақсы көресіз. Сіз мемлекетімізге адал қызмет көрсетесіз, сондықтан сізді әлем сыйлайды. Мен де өскенде халыққа пайдамды тигізгім келеді», – деп аяқтапты.

Хатты поштамен жібергеннен кейін бірнеше аптадан соң ҚР
Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтің қолы қойылған жауап хат
келеді. Онда Айлинаға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы «Сабақты үздік оқы,
еңбекқор болып өс. Алдыңа қойған мақсатыңа табандылықпен жетіп, еліңе пайдалы
азаматша бол», – деп тілек білдіргенін жеткізген.

Хатпен бірге Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы жазылған
«Біздің Президент» деректі повесі сыйлыққа беріліп отыр. Өзіне Мемлекет
басшысының ілтипат танытқанына қуанған Айлина: «Бұл туынды болашағымның бағдары
болады” дейді. Елбасының айтқан әр сөзін есінен шығармай, озық ойлы оқушы
боламын деп уәде берді. Талапты қыздыңхалықтың қалаулысы болатынына біз де сенеміз.

 

Гүлхан
ЯХИЯЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз