Еркін сауда экономиканы нығайтады

59

0

Бұл ұйымның басты идеясы – сауда еркіндігі. Бірлестіктің талабы – кез
келген мемлекетке тұтынушы тауарларын қосымша салық салмай сату. Еліміз бұл
ұйымға кіруге 1995 жылы өтініш білдірген еді. Ол кезде ұйым бізге тиімсіз
болатын, себебі бізде кәсіпкерлік саласы дамымаған еді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласына мемлекет
тарапынан қолдау көрсетпеу ол кезде мүмкін емес еді. Осы жылдар ішінде барлық
сала бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.

Кәсіпкерлік бәсекелестік болмаса жетілмейді. Осыны есте ұстаған дұрыс.
Бұл ұйымға кіру арқылы біз кәсіпкерлер өз-өзімізді қайрай түсеміз.

Қазақстанға ДСҰ-ның пайдасы өте зор. Ең әуелі еліміздегі нарыққа оң
ықпал етеді. Екіншіден, кедендік одақтасымыз – Ресей ДСҰ-ға мүшелікке өтті. Біз
қазір сауда ұйымына мүшелікке өтпесек, елдегі бағаның өсуі тоқтамай,
экономикалық ахуал жайлап төмендей бастауы мүмкін. Кедендік одақтың мүшесі
ретінде дұрыс қадам жасасақ, әлемдік стандарттарға сәйкес баға мәселесі
реттеледі. Бұл жерде тұтынушылар мен кәсіпкерлерге көп көмегі болады.

ДСҰ сапындағы елдерде тауар құны төмен.Кәсіпкерлік саласы күшті бәсекелестікке төтеп беріп, нәтижесінде сапалы
өнімге қол жеткіземіз. Кез келген саладағы тұтыну заттарының нарықтағы бағасы
бірізділікке түседі.

Еліміздің ауылшаруашылық өнімдері әлемнің кез келген елінің өнімімен
бәсекелесе алады. Сондықтан да ішкі нарықты реттеу мақсатында белгілі бір
дәрежеде ауылшаруашылық саясатын жүргізуіміз қажет. Бірінші бағытта
ауылшаруашылық өнімдерін алдыға шығарып, екінші бағытта бізге келетін тауарлар
аясын шектейміз. Бар мүмкіндікті өзіміздің өндірушілерге беріп, субсидия бөліп,
инвестиция тартуды арттырамыз. Ол үшін ауыл шаруашылығын ілгерілетем деген
фермерлерге 3-5 жыл көлемінде көмек қолын созып, шаруашылығын дөңгелетіп
әкетуге жәрдем көрсеткен жөн. Себебі өзге мемлекеттер мен көрші Ресей,
Беларусьтің де ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған. Сондықтан да алдымен
өзіміздің сүт, май, астық, басқа да өнімдері дамыған корпорацияларымыз арқылы
өз өнімдерімізді шетелге жібереміз. Біз оларға тауарымыздың сапасын көрсету
арқылы белгілі дәрежеде шектеу қойып, өз өнімімізді экспортқа шығарамыз.

 

Бердібек ҚАДІРОВ,

«Шаған Жер» ЖШС
төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз