Гүлшара Әбдіқалықова: «Аралда апатты мектеп орнына жаңасы салынады»

864

1

Қызылордада Жаңақорған кентіндегі мектептің құрылысы жүргізілуде. Арал қаласындағы апатты мектеп құрылысы биыл басталады. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

– Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешудеміз (2020 жылы облыста 3 апатты мектеп болды). Өткен жылы Жалағаш ауданы, Шәменов ауылындағы апатты мектеп орнына жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, инвесторлар есебінен 500 орынға лайықталған бір мектеп салынса, қазіргі таңда Қызылорда қаласы Саяхат мөлтек ауданынан 300 орындық бір мектептің құрылысы жүргізілуде.   

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<