ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ ЕЛГЕ ОРТАҚ

63

0

Мемлекет басшысының қатысуымен бейсенбіде өткен кеңес отырысы шетелдік
инвесторлардың Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының
екінші бесжылдығын жүзеге асыруға қатысу мәселелеріне арналды және ЭКСПО-2017 тіркеу
досьесін қорғауға байланысты берілген Халықаралық көрмелер бюросының туын
қабылдау салтанатымен басталды.

Қазақстан Президенті инвесторлармен тұрақты кездесу жақсы дәстүрге
айналғанын, ал Кеңес өзін шетелдік бизнес үшін де, біздің еліміз үшін де ең маңызды
тақырыптарда ашық диалог құрудың тиімді алаңы ретінде көрсеткенін атап өтті.

– Қазақстан он жылдан астам уақыт бойы кезең-кезеңімен орнықты
макроэкономикалық орта құрды. Осы көрсеткіш бойынша біз 2013 жылы 23-орынды
иелену арқылы қазірдің өзінде бәсекелестіктің жаһандық индексінде алғашқы
отыздық елдері қатарына кіріп отырмыз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына
кіруі инвесторлар үшін қосымша қолайлы шарттар тудыратынын айтты. Өйткені
елімізде сауда, инвестиция, зияткерлік меншікті қорғау салаларында халықаралық
ережелер қолданылатын болады.

Инвесторларға жәрдемдесудің тағы бір маңызды шарасы ретінде қаржылық
қолдау мәселесі аталды.

Мемлекет басшысы бизнес байланыстар мен кәсіпкерлердің халықаралық
кооперациясын кеңейту үшін визалық кедергілерді жою қажеттігіне тоқталды.

– Бүгін біз Қазақстанда барынша жоғары инвестициялық белсенділік
танытқан он мемлекеттің азаматтары үшін біржақты визасыз режим орнату туралы
хабарлаймыз. Бұл тізімге АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия,
Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы және Жапония
кірді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті басымдығы бар бағыттардың тартымдылығын көтеру
үшін Үкімет әзірлеген ауқымды ынталандыру пакеті туралы да айтты.

Отырыс барысында «Тоталь»,
«Дойче Банк Франкфурт», «Эни», «Дженерал Электрик Ойл энд Газ», «Телиа Сонера»,
«Сбербанк России», «Эрнст энд Янг», «Анадолу Групп» және басқа да
компаниялардың басшылары отырыстың негізгі тақырыбына қатысты өз пікірлерін
білдірді.

Іс-шараның қорытынды бөлігінде
«Бурабай-Қостанай» телекөпірі болып, оның барысында Мемлекет басшысы «Тойота»
автомобильдерін шығару жөніндегі жобаны іске қосу рәсіміне қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз