КӨҢІЛДЕГІ КҮДІКТІ СЕЙІЛТТІ

63

0

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясына қатысқан әрбір делегат Елбасының әрбір сөзін ой таразысына салды деп ойлаймын. Сондай-ақ, іс-шарадан алған әсерін көпшілікпен бөлісуге тиіс. Өйткені, жиында елдік мәселелер көтерілді, айтылды. Солардың бірі – жерді сату мәселесі. Елбасымыз бұл тұрғыда баршаның көкейінде жүрген күдігін сейілтіп, ақ-қараны ажыратып берді. Жерді қазақстандықтарға жекеменшікке беру – оның құнарының жойылмауына, егіншілікпен түпкілікті айналысуына жағдай жасайды. Ал шетелдіктерге жер сатылмайды, «Жер кодексіне» сәйкес жалға берілу мерзімі 10 жылдан әрі ұзартылды. Бұл инвесторлардың жерден өнім алуына, қызығушылық танытуына мүмкіндік береді. Рас, дархан
даламызда игерілмей, бос жатқан жер көп. Оларды игеру тетіктерін іске қосу үшін
осындай шешімдердің қабылдануы маңызды. Президентіміз, сондай-ақ, жеріміздің
тұтастығын қамтамасыз ету үшін шекарамызды белгілеп, рәсімдеу үшін көрші елдер
басшыларымен 8 жыл бойы келіссөз жүргізгенін айтты. Түсіне білген жанға бұл –
дипломатиялық шеберлікпен, маңдай термен қол жеткен жетістік.

Қазақстан – біртұтас, ырысын ынтымақпен арттырған, бейбіт те
берекелі ел. Мұның жарқын дәлелі ретінде Ассамблеяны айтсақ та жеткілікті.
Кешегі өткен жиын осынау биік мәртебемізді одан сайын биіктете түсті. Қарап
отырсаңыз, қаншама ұлт пен ұлыстың өкілдері бас қосып, пікірлерін айтып жатты.
Жүрекке сондай жылы тиеді. Бір кісі өзінің қазақ екенін, өзіне орыс әйелінің
жүрегі салынғандығын, ол отаны корей ұлтының өкілі жасағанын айтты. Жиналған
жұрт қол соғып, қошемет көрсетті. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп
жатқан жандардың қашанда жүрегі елім деп соғатыны, соға да беретіні сөзсіз.

Ғалия
ҒИЗАТУЛЛИНА,

«Қызылорда облыстық татар қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз