КОДЕКС КӨП МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ

64

0

Биылғы
жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап та, артылатын жүк те
ауырлады. Себебі жаңадан қабылданған «Мемлекеттік қызметкерлердің әдебі”
кодексі енді оларға жұмыс барысында ғана емес, қоғамдық орында да ұстамды
болуды талап етеді. Бұл жөнінде облыс әкімі аппаратының басшысы Қанатбек
Жайсаңбаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Қанатбек Жайсаңбаев
биылғы жылдан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу кезеңі басталғандығын
тілге тиек етті. Сонымен қатар 5институционалдық реформаның 30 дамыған елдің қатарына енудің негізгі
тетігі екендігіне тоқталды. Ал ол мемлекеттік қызметкерлер корпусын кәсіби және
автономиялы етуге бағытталған.

– 5 институционалдық ре­фор­­ма­ның
үш бөлігі негізінен мем­ле­­кеттік қызметті жаңадан қа­­лып­­­­­­тастыруға,
мемлекеттік қыз­­­­­­­­­­­­­мет­­­ші­лердің
деңгейін көте­руге, кә­сіби мемлекеттік аппарат құ­руға негізделген. Ал бұны жү­­­зе­ге
асыру бір ғана орталықта жүр­­­­­­­­­­гі­зілмейді. Оны ел болып жұ­мыла
қалыптастыруымыз керек. Сондықтан әріптестерімді осы ба­ғытта бірлесе жұмыс
жасау­ға ша­қырамын. Ал жаңадан қабыл­данып жатқан «Мемлекеттік қыз­мет­ші­лердің
әдебі” кодексі бізге бұл жол­да тірек болары анық, – деді ол. Ал аппарат
басшысының сөзін жал­ғаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызыл­орда об­лысы бойынша департаменті
бас­шысының орыбасары Марат Ораз­әли «Әдеп» кодексін жіті түсін­діріп берді.

– Елбасымыздың 5 институ­цио­налдық
реформаны көтеріп, оның ішінде мемлекеттік қызметке баса мән беруі осы
саладағыларға үлкен міндет жүктейді. Соның негізінде бүгінде жаңа заң
қабылданып отыр. Әкімшілік немесе саяси мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес,
құқық қорғау органдары қызметшілеріне де қатысты заң өмірге келді. Осыдан соң
мемлекеттік қызметке деген қызығушылық жоғарылайды деген ойдамыз. Себебі жаңа
кодекс арнайы конкурстардың ашық өтуін қадағалап, қызметкерлердің сатылап өсуін
реттеп отырады, – деген ол талайларды сын тезіне салған Тәртіптік кеңестің
тарағандығын мәлімдеді. Марат Оразалидің айтуынша, енді мемлекеттік
қызметкерлердің этика жөніндегі кеңесі жұмыс жасайтын болады. Сонымен қатар,
жаңадан енгізілген тәртіп бойынша әрбір мемлекеттік ұйымда әдеп жөніндегі уәкіл
тағайындалады. Ережеде бұл лауазымғаұжымда аса абыройлы, әрі тәжірибесі мол маман лайық екендігі
көрсетілген. Қанатбек Жайсаңбаев оған облыс әкімі аппараты басшысының
орынбасары Ғазымбек Алпысбаев тағайындалғанын жеткізді.

Осылайша жиын барысында
«Кәсіби мемлекетке арналған кәсіби кадрлар» дайындаудың жаңа концепциясы туралы
айтылды. Бұл тұжырымдар мен жаңа кодекс аймақтағы екі мыңға жуық мемлекеттік
қызметшілердің де жауапкершілігін одан әрі арттыра түсері анық.

Мөлдір
ҚОЖАХМЕТОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз