МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

136

0

Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы әдебиет пен өнер
саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа
қол қойды.

Президент
Жарлығымен жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы – «Тар кезең» тарихи романы үшін,
ақын Гүлнар Салықбаева – «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін;
әнші Пантелей (Лаки) Кесоглу – «Песня – душа моя» жеке концерті үшін;
композитор Балнұр Қыдырбек – «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін;
авторлар ұжымы: Асқар Мырзахметов, Бақытжан Әшірбаев, Насир Рустамов, Әмірхан
Шүменов, Нұрлыжан Бөкебаев – Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументальдық саябақ кешені үшін
Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз