Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы басты назарда

49

0

Елбасының
жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға
мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік
органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы ерекше атап көрсетіп
келеді.

Осы бағытта сапалы
мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуді реттейтін тиісті заңнамалық негіз
құрылды, ол жылдан жылға жетілдірілуде.

Қабылданған
жаңа Заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа
көзқарастарды қалыптастырып, әкімшілік кедергілерді
жоюға, халық үшін мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға, сыбайлас
жемқорлық көріністеріне ықпал ететін фактілерді жоюға, сондай-ақ қызмет алушы және
азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Қызылорда облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметі Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің Халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген мемлекеттік қызметтің
7 түрінің 6-ын атқарады.

Атап айтқанда:

– Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға
және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу,
реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді
мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының, жобаларына
және егжей-тегжейлі жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;

-Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық
актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;

– Тамақ
өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру;

-І-ІV патогенді топтардың
микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру;

-Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті
беру;

– Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу
туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.

Қызылорда облысы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті бойынша2016 жылдың алғашқы 3 айында барлығы 440 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыруда республикалық деңгейдегі «Мемлекеттік сараптама», «Е лицензиялау» электронды
жүйелері іске қосылды. Облыстық
бюджеттен қаржыландырылып, бірнеше
мекемелерден кешенді түрде сараптамаданөтетін құрылыс жобаларыдепартаментте электронды қабылданып қорытынды құжаттары электронды түрдеберілуде. «Е лицензиялау» бағдарламасы арқылы да мемлекеттік қызмет алуға өтініштерді қабылау және
қорытынды рұқсат құжаттарын өтініш иелеріне жолдау жұмыстарын электронды түрде жүргізу мүмкіндігіне қол жеткізілді.

Мемлекеттің қызметкөрсетудің электронды жүйесі 2015
жылдың қараша-желтоқсан айларында іске қосылғанымен, жүргізілген
ақпараттық түсіндірме жұмыстарыныңнәтижесінде есепті мерзімде мемлекеттік
қызметті электронды түрде алушылар саны
368-ге, яғни 83 пайызға көтерілді. Алдағыуақытта қызмет түрлерін көрсетуді толықтай электронды жүйеде жүргізу біздіңқызметтің басымды бағыттарыныңбірі ретінде қалуда.

Қызмет алушыларға қолжетімділікті
қамтамасыз ету мақсатында қажетті
ақпарат стендтерде орналастырылып, сонымен қатар, бұл мәліметтер облыс әкімідігінің,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ресми интернет ресурсында орналастырылған.

Халыққа қызмет көрсету
орталықтары – сапа мен уақыт үнемділігін, қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз
етіп отырған мекемелердің бірі, осы
мекеме арқылы қызмет алушылар саны да уақыт өткен сайын ұлғайып келеді.

Департаментте және аумақтық
басқармаларда жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызмет алуға түскен
құжаттарды қабылдау «бір терезе» қағидасы арқылы реттеледі және оның сапасы мен тиімділігі де лауазымды тұлғалардың басты назарында. Мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты
қызметкерлердің біліктілігін, мәдени ұстанымын арттыруға бағытталған мәжіліс
отырыстары, аппараттық оқулар және түсіндірме
жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Алдағы уақытта да халыққа мінсіз мемлекеттік
қызмет көрсету облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғаудепартаментінің жұмысты бағалаудағы басты өлшемі және маңызды міндеті болмақ.

Жанар ЖЕТІЛГЕНОВА,

Департаменттің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар, автоматты басқару
жүйесі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз