ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – ҚЫМБАТ ҚҰНДЫЛЫҚ

66

0

Еліміз
еңсесін тіктеп, дамудың даңғыл жолына қадам басқан сайын уақыт талабының да
жаңа қажеттіліктерді талап ететіндігі – өмір заңдылығы. Еліміз егемендік
алғаннан бергі аралықты талғам таразысына салар болсақ, этносқа бай еліміз
бірлігін сақтай отырып, өркениет көшінен қалыс қалмай келеді. Соның нәтижесінде
еліміз дамудың өзіндік даңғыл жолына түсіп, әлемдік елдер қатарынан өз орнын
алуға ұмтылуда. Демек, алдағы уақытта да атқарылар шаралар бізден болаттай
берік бірлік пен жұмылған жұдырықтай ынтымақты тірлікті талап етеді. Осындай
биік талап деңгейінен табылу мақсатында Елбасымыздың Жарлығына сәйкес облыс
әкімі аппаратының Қоғамдық келісім орталығы құрылып, жұмысқа кірісті.

Осы
орталықтың қандай жұмыстармен айналысатынын білу мақсатында Қоғамдық келісім
орталығының басшысы Рахима Ахметовамен әңгімелескен едік.

– Жақында Елбасының
Жарлығына сәйкес облыс әкімі аппаратының Қоғамдық келісім орталығы құрылып,
жұмысқа кіріскен көрінеді. Осы орталықтың жұмысы Қазақстан халқы ассамблеясы
жұмысымен тікелей байланысты сыңайлы. Яғни, ұлтына, дініне, тіліне қарамастан,
қазақстандықтардың этносаралық қатынастарын дамыту бағытында жұмыстар
жүргізбек. Содан да әңгімемізді Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы жайлы
бастасақ…

– Өздеріңізге мәлім,
еліміз егемендік алғаннан кейінгі өткен әрбір күні асқаралы асуларға, толағай
табыстарға толы. Еліміз өміріндегі елеулі оқиғаның бірі  – 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы
болды. Мұндай институтты құру мақсаты саяси тұрғыдан, сондай-ақ, тәуелсіз,
полиэтносты поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты әрі қарышты дамуының
қажеттілігінен туындаған еді. Бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың
жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін
жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт бола
білді. Құрылған күнінен бергі уақыт аралығында Ассамблея қарқынды дамыды.
Елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Даму жолында этносаралық, толеранттылық
және қоғамдық келісімнің жаңа – қазақстандық үлгісін қалыптастырды.
Ассамблеяның құрылымы нығайып, қоғамдық ұйымдастырушылығы толысты, халық
дипломатиясының маңызды күре тамырына айналды.
Ассамблея өмірге келген
күнінен бастап еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйымдастырып,
тұрақтылықты сақтап, ел дамуына лайықты үлес қосты. Соның арқасында елімізде
этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан, әрбір азаматтың конституциялық
азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен сақталатын этносаралық және
конфессияаралық келісімнің ерекше үлгісі өмірге келіп, берік нығайды.
Қазақстанның бай этностық кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністіктің
жаңа үлгісі қалыптасты. Терең талдап, жан-жақты айтар болсақ, бүгінде
республикамызда Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің
дамуына қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Ассамблея қызметі этносаралық
қатынастар тиімді шешіліп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының
халықаралық беделі өсуіне даңғыл жол ашып, игі ықпал жасады. Бүгінгі күні
еліміздің этносаралық, толеранттылық пен қоғамдық келісім саласындағы жұмысы
әлем назарын өзіне аударып, үлгі боларлық дәрежеге жетіп отыр.
2008 жылғы 20 қазанда
Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы” Заңының
қабылдануы этносаралық қатынастар саласындағы негізгі бағыттарды айқындай
отырып, Қазақстан халқы ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң
деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілер жұмысының елімізде
жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырып, жүзеге
асырудың сара бағыттарын белгілеп берді.
Елбасымыздың «2015 жылды
Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп жариялау туралы” үстіміздегі жылдың
шілде айында қабылданған Жарлығы Қазақстан халқы ассамблеясының ғана емес,
тұтас еліміз өміріндегі саяси ахуалға соны серпін, жаңа бағыт-бағдар беріп,
айқын міндеттерді алға қойды. Қазақстан халқы ассамблеясы жылы және осы жылда
Республика Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толуы еліміз өміріндегі шын
мәніндегі айтулы мереке, маңызы мәнді тарихи оқиға ретінде есте қаларлықтай
өзіндік сән-салтанатымен атап өтілуі керектігі айтылған.
– Ендігі сөз кезегін Сыр
аймағы жұртшылығы білу үшін, өзіңіз басшылық жасайтын облыс әкімі аппаратының
Қоғамдық келісім орталығы қандай жұмыстармен айналысатындығына берсек.

– Қоғамдық келісім
орталығы деген атына сәйкес бай этносты еліміз аймағының облысымыз өңіріндегі
осы мақсаттағы жұмыстарды жүзеге асыру басты да бағалы, негізгі де маңызды
міндетіміз болып табылады.
Айтып өтке­ні­­міз­дей, алдағы жыл Қазақстан хал­­қы
ассамблея­сы жы­­лы болып жа­рия­­ланды. Сонымен бір­ге егемен елім­іздің Ата
заңы – Республикамыз Конс­­­титуциясының қа­­­­­­­­был­­данғанына да
20 жыл толады ғой. Мұның шын мәні­н­дегі бүкіл­ха­лықтық мереке екендігі дау­­сыз.
Олай болса, осы мерекені айтулы оқиға ретінде атап өтудің ай­­шықты да абзал
міндеттері мол. Облысымыздағы эт­нос­аралық қатынастардың осы уақытқа дейінгі
жай-күйін саралап, атқарылған жұмыстармен бірге кезегін күт­кен келелі істерге
кең өріс, жарқын жол ашып, облыс орталығы мен аудандардағы, өндіріс ұжымдары
мен қоғамдық ұйымдардағы этномәдени бірлестіктер жұ­мы­сына мүмкіндікке сәйкес
ақыл-кеңес беріп, жұ­мы­сына жәрдем жасау – бірінші кезектегі міндетіміз. Сол
арқылы этносаралық байланысты нығайтып, ұл­ты­на, тілі мен дініне қарап бөлмей,
ұлттық-мәдени бірлестіктер мен басқа да үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарына
сараптама жүргізіп, ақпараттық түсінік және консультативтік көмек бермекпіз.
Облыс тұрғындары, жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу
орындарындағы жастар арасында ұлт, мәдениет және қоғамдық-саяси мәселелерге
байланысты сауалнамалар жүргізіп, солардың қорытындысымен социологиялық
зерттеулер жүргізілмек.
Бүгінгі күні қоғамдық келісім орталығында негізгі үш
бөлім: этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг, ғылыми сараптама және
әдістемелік қамтамасыз ету, ұлттық-мәдени орталықтармен жұмыс жасау және
қоғамдық шараларды ұйымдастыру бөлімдері және облыстың барлық аудандарында
ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперттер қызметке кірісті.
Еліміз өмірінің болашаққа қадам басқан әрбір сәтіндегі
асқаралы асу, биік белестерді игеруіне өнеркәсіп өндірісі салаларында лайықты
үлесін қосып келе жатқан Сыр елі сан-салалы саяси, мәнді де маңызды оқиғалардың
да бел ортасынан табылуда. Ортақ міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуына
лайықты үлес қосуға басшылық жасап, облыс аймағындағы ұлт пен ұлыстардың бір
ананың баласындай тату-тәтті өмір сүруіне біздің Қоғамдық келісім орталығы
қолда бар мүмкіндігін толық пайдаланып, уақыт талабынан табылуға бар
күш-жігерін жұмылдыруда. Бүгінгі жетістік ертеңгі меже болып отырған қазіргі
кезеңде әрбір келер күннің талап-тілегі, мақсат-мұраты арта түспек. Өркениет
талабынан туындаған осындай оралымы кең, ауқымы анық әрі биік міндеттерді
жүйелі жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасайтын боламыз.
Бүгінгі таңда облысымызда құрылғандарына біраз жылдар
болған 11 этномәдени бірлестік жемісті еңбек етіп келеді. Облыстық деңгейдегі
ғана емес, республикалық мәдени шараларда белсенділік танытып, беделді
орындардан көрініп жүргендігін атап айтқан орынды. Жуырда ғана өткен «Тілі
менің – тірегім” атты облыстық тіл мерекесі жоғары деңгейде өтуінен этномәдени
бірлестіктерінің белсенділігін айрықша аңғаруға болады.
Берекелі бірліктен туындайтын тату тірлік бар жерде
алынбас асу, бағынбас биік болмақ емес. Олай болса, өркениеттің өрелі
биіктеріне батыл қадам басқан еліміздің күн санап көркейіп, дамып жетіле
беретіндігі анық.
– Әңгімеңізге рахмет.
 
Әңгімелескен Еркін ӘБІЛ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз