Облыс әкімдігіне осы алты айда мыңнан астам хат түскен

43

0

Облыс әкімдігіне осы алты айда мыңнан астам хат түскенБиыл алғашқы алты айда Қызылорда облысының әкімдігіне Қызылорда қаласы мен 7
аудан тұрғындарының атынан жазбаша 1110 хат түскен, – деп жазады «Егемен
Қазақстан» газеті.

Басты мәселе –
баспана. Үйлі болып, күйін жақсартуды ойлаған 203 адам өтініш айтыпты. Сонымен
қатар мемлекет тарапынан берілетін түрлі әлеуметтік көмекті алуға да жұрттың
ынтасы
жоғары. Бұл орайда облыстық
әкімдікке 194 хат
түскен.

151 адам коммуналдық жағдайды, 72 адам жер мәселесін қозғапты. Қызмет бабын
теріс пайдаланғандардың үстінен 61, заңдылық және құқықтық тәртіптің сақталмауы
туралы 56 арыз келген.

Білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау секілді салаларға
қатысты келген хаттар шамалас.
 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз