ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

88

0

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қызылордалықтар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің арқауы болған.
Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, «Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған». 
Ежелден Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін сүйікті мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды.
Кез келген мемлекеттің басты құндылығы оның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік Елден асқан мақсат жоқ! Ұлт Көшбасшысы ұсынған осы жолда ата-бабаларымыздың арманын жалғап, әлемдегі ең ірі дамыған елдер қатарына кіру жолында бар күш-жігерімізді аямайық! Мәңгілік Еліміз жасарып, жаңара берсін!
Ұлыстың Ұлы күні отбасыларыңызға берекесі мен бірлігін, елімізге ырысы мен ынтымағын, тыныштығы мен жақсылығын әкелсін!
Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын, ардақты ағайын!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда облысының әкімі Қ.КӨШЕРБАЕВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз