ӘРІПТЕСТІК ӘЛЕУЕТІМІЗДІ НЫҒАЙТАДЫ

62

0

Жуырда ғана жарияланған
Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын бизнес өкіл­дері асыға күтті
десем, асыра айт­қандық емес. Рас, дағдарыс әрбір қазақстандыққа әсер еткені
анық. Дегенмен, кәсіпкерлер үшін қазіргі «экономиканың ерек­ше кезеңі» нағыз
сынаққа ай­налды. Осындай сындарлы сәтте Ұлт көшбасшысының жариялаған Жолдауы
арқылы біз, кәсіпкерлер тағы да қолдауға ие болдық.

Әсіресе, Елбасының салық
саясатына қатысты айтқан сөзі бізді ерекше қанаттандырды. Салықтық режімдердің
оңтай­лануы ел кәсіпкерлеріне оң әсер етері сөзсіз.

Жалпы, Сыр кәсіпкерлері әркез
туған жерінің өркендеуіне үлес қосып жүрген отансүйгіш азаматтар. Сондықтан да
әріптес­терімнің Президенттің бизнес өкілдерін жекешелендіру мен
мемлекеттік-жеке әріптес­тік жобаларына белсенді қа­тысуға шақырған бастамасын
толықтай қолдап, белсенді атса­лысатындығына, сол арқылы жаңа жұмыс орындарының
ашылуына жағдай жасайтындығына сенімдімін.

Мұнан өзге, жыл сайынғы
мұнайды өндіру көлемінің азаюы барысында біздің облысымыз үшін экономиканы
әртараптандыруды қарастыру аса маңызды. Бұл ретте аймақта шыны, цемент
зауыттарын салу, металлургиялық кластерді қалыптастыру сынды маңызды жобалар
жүзеге асырылуда. Сондықтан да мемлекеттік орган ғана емес, біздер,
кәсіпкерлер, халық арасында мұнайдың орнын басатын жаңадан үлкен кәсіпорындар
салатын уақыттың жеткендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуіміз қажет.

Асқар МАХАМБЕТОВ,

облыстық кәсіпкерлер палатасы

өңірлік кеңесінің
төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз