РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМІ ОҢТАЙЛАНДЫ

61

0

«Ұлт Жоспары – 100
нақты қадам» реформасының 46-қадамы – рұқсат алуды, оңтайландыру, құрылысқа
рұқсат алудың үш сатылы қағидатын енгізуді көздейді. Өңірлік коммуникация
орталығында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының
орынбасары Сәулет Алмағамбетов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
басшысының орынбасары Қайрат Бекенов, «Мемсараптау» РМК облыстық филиалы
директоры Әбдісадық Боданов, Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының
орынбасары Айнаш Нұрманова, қалалық сәулет бөлімінің басшысы Пахуатдин
Шамұратов БАҚ өкілдеріне осы өзгерістер туралы айтып берді.

 

Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында құрылыс
заңнамасына елеулі өзгерістер енгізілгені белгілі. Құрылыс саласындағы рұқсат
рәсімін оңтайландыру мақсатында жаңа ережелер мен жобалау және құрылыс-монтаж
жұмыстары үш негізгі саты бойынша регламенттелген және оңтайландырылған
болатын.

Бірінші саты – архитектуралық жобалау
тапсырмасын беру 30 күн ішінде жүргізіледі. Құрылыс және жобалауға арналған
бастапқы рұқсат құжаттарын беру мерзімі жобаның күрделілігіне қарай 40-тан 17
жұмыс күніне дейін екі есе қысқартылған.Жобалаудың бастапқы рұқсат құжаттары «Азаматтарға арналған Үкімет»
мемлекеттік корпорациясы мен «Электрондық Үкімет» порталы арқылы берілетін болады.

Екінші саты – эскиз жобасын мақұлдау 20 күнге дейін, эскиз жобасын мақұлдау
мерзімі жобаның күрделілігіне қарай 60-тан 15 жұмыс күніне дейін қысқартылған.
Осы бекітілген мерзімді әкімдіктер де сақтау қажет.

Үшінші саты – құрылысқа рұқсат беру – 10
күнге дейін, құрылысқа рұқсат беру рәсімі (қағаз жүзінде) құрылыс-монтаж
жұмыстары басталғаны туралы хабарламаны электронды түрде беру тәртібіне
алмастырылған. Барлық бастапқы рұқсат құжаттары болған жағдайда тапсырысшы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
органдарына «Электрондық Үкімет” порталы арқылы жібереді.

Сонымен бірге, осы жылдан бастап нысанды
комиссиялық қабылдау заңнан алынды. Енді тапсырыс беруші, мердігер мекеме,
техникалық және авторлық қадағалаушылар мемлекеттік мекемелердің
қатысуынсыз декларациялық әдіспен
нысандарды қабылдайды. Нысандарды қабылдау мен пайдалануға беру тәртібін
бұзғандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі күшейтілді. Журналистер
бұл жаңашылдықтың құрылыс сапасына қаншалықты әсер ететінін сұрады. Брифингке
қатысушылар нысанды қабылдаушы төрт тараптан да қатаң жауапкершілік сұралатынын
айтты.

 

М.МЕРЕЙ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз