Салада атқарылған жұмыстармен таныстырды

65

0

Жуырда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы қаралған болатын. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына да қомақты  қаржы бөлініп жатқанынымен, әлі күнге дейін саладағы қызмет көрсету сапасы көңілден шықпай отырғанына назар аударған болатын. Өткен жылы жол апаты салдарынан 2145 адам, ал осы 2273 адам қайтыс болғаны атап өтілді. 
Президент тапсырмасына сәйкес ҚР Төтенше жағдай вице-министрі В.Петров Қазмедиа» орталығында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде салада атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. 
Қазақстан Республикасы Президентінің осы мәселені шешу бойынша тапсырмасын орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі күре жолдық медициналық-құтқару пункттерін салу жұмысын жүргізуде.
Осы бағдарлама аясында 2013-2014 жылдары 40 КЖМҚП салуға барлығы 2 523 200 000 мың теңге бөлінді. 
Бір КЖМҚП-ның құны 63 080 000 теңгені құрады, соның ішінде: 
– модуль блогының негізіндегі мобильді ғимарат – 21 798 200 теңге;
– медициналық-құтқару реанимобильі – 31 000 000 теңге;
– КЖМҚП-ға жер учаскесін дайындау  – 9 031 800 теңге;
– ҚЖМҚП учаскесін дайындауға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу бойынша қызмет – 1 250 000 теңге.
Күре жолдық медициналық-құтқару пункттері республикалық маңызы бар жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде салынады. Төтенше жағдайлар министрлігі Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Көлік және коммуникация министрліктерімен бірлесіп, жол-көлік оқиғалары статистикасын талдады, күре жолдық пункттерді орналастыру үшін республикалық маңызы бар жолдардың ең авариялық қауіпті учаскелері белгіленді. 
Күрежол медициналық-құтқару пункттерінің негізгі мақсаты ЖКО кезінде зардап шеккен адамдарды «қауырт сағат» шегінде мамандандырылған көмек көрсету үшін емдеу-профилактикалық мекемелерге жеткізу. Жарақат алғаннан кейінгі бір сағат ішінде медициналық көмек алған зардап шеккендерде, көмекті одан кейін алғандарға қарағанда, өлім қауіп-қатері және мүгедектік екі есе сирек туындайтындығын Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы анықтады. 
 Осы пункттердің құрылысын бастамас бұрын осы сияқты пункттердің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі халықаралық тәжірибе зерттелді. Мәселен, Данияда бригада 9 адамнан, Ресейде 4 адамнан тұрады. Нәтижелер бойынша 5 адамнан тұратын КЖМҚП персоналдарының оңтайлы құрамы құрылды: дәрігер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы және құқтқарушы-жүргізуші.
Медициналық пункттің құрамына құтқарушыларды қосу шұғыл медициналық көмек және құтқару жұмыстарын көрсетуде зардап шеккендердің өмірін құтқару бойынша кезек күттірмейтін жұмыстардың бірыңғай кешенін білдіруі қажет, бұл құтқару жұмыстарын барынша тез жүзеге асыруға, оның ішінде зардап шеккендерді қоршаудан босатуға, шұғыл медициналық көмек көрсетуге және тіршілікке қабілеттілікті сүйемелдей отырып, емдеу мекемесіне эвакуациялауға мүмкіндік береді. 
Бүгінгі күні 12 күре жолдық пункт құрылып, шұғыл медициналық көмек көрсетуде: Алматы облысында 4-у («Тарғап», «Үшарал», «Жаңа арна», «Күрті»), Қарағанды облысында 4-у («Ақшатау», «Ақсу-Аюлы», «Балқаш», «Сарышаған»), Ақмола облысында 2-у («Анар», «Макинск»), Жамбыл облысында («Шығанақ») және Оңтүстік Қазақстан облысында («Төрткөл») 1-ден. 2013 жылы 14 күре жолдық медициналық-құтқару пункті пайдалануға беріледі, 2014 жылы тағы 14-і беріледі деп жоспарлануда.
Бригадалар оқиға болған жерге қолда бар екі жататын және үш отыратын зардап шегушілерді эвакуациялауға мүмкіндік беретін медициналық-құтқару реанимобилінде шығуды жүзеге асыра отырып, күре жолдық пункттің «жауапкершілік аймағында» тәулік бойғы режимде ЖКО-да зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді, сондай-ақ өз бетінше медициналық көмек сұрап жүгінген азаматтарға кезек күттірмейтін көмек көрсетеді.
Әрбір күре жолдық пункттің жауапкершілік аймағы күре жолдың әр бағытында 50 шақырымды құрайды. Күре жолдық пунктте медициналық көмек алу мүмкндігі туралы жол қозғалысына қатысушыларды ақпараттандыру үшін жолдардың бойында жақын жердегі КЖМҚП-ның орналасу орнын және 112 құтқару қызметінің телефон номерін көрсетумен арнайы баннерлер орналастырылған.  
Бригада шығуының нормативтік уақыты шақыруды алған сәттен бастап 2 минутты құрайды. Жедел ден қою бригадаларының ден қоюының орташа уақыты 20-дан 25 минутқа дейін құрайды.
Күре жолдық пункттердің ашылған сәтінен 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін КЖМҚП бригадалары жол-көлік оқиғаларына 937 шығуды іске асырды, 2418 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетті. Барлығы 899 адам госпитальға жатқызылды. 
Сондай-ақ осы кезеңде күре жолдық пунктіге азаматтардан медициналық жәрдем сұрап, 1300 дербес өтініш тіркелген, бұл көрсетілген медициналық жәрдемнің жалпы санынан 53%-ды құрайды, содан кейін 53 адам ауруханаға жатқызылған. Қалғандарына қажетті медициналық консультативтік көмек көрсетілді. 
Күре жолдық пункттерден жеке автокөліктердің жүргізушілері, рейстік автобустардың жүргізушілері мен жолаушылары, жақын жердегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, жақын маңда орналасқан елді мекендердің тұрғындары жәрдем сұрайды. 
2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы Алматы облысының республикалық маңызы бар жолдарында ЖКО нәтижесінде қайтыс болған адамдардың саны 12%-ға 316 адамнан 279 адамға азайды. Оңтүстік Қазақстан облысының республикалық автожолдарында 8%-ға азайған (134 адамнан 124 адамға дейін). Қарағанды облысының аумағында 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы қайтыс болған адамдардың саны өсті, алайда ағымдағы жылдың 9 айында 77 адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың осы кезеңінен 21%-ға аз. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырған екі жылда күре жолдық пункттерді құру өзінің тиімділігін көрсеткендігін атап өтті, ЖКО салдарынан қайтыс болу оқиғаларының саны азайды, ал көрсетілетін жәрдемнің сапасы мен жылдамдығы едәуір өсті. 
Министрлік жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шегушілерге шұғыл медициналық жәрдем көрсету жеделдігін көтеру мақсатында барлық шараларды қолдануда. 2013 жылғы 1 желтоқсаннан күре жолдық медициналық-құтқару пунктінің шұғыл ден қою бригадасы күре жолдық пункт қызмет көрсететін аймақтан тыс жол-көлік оқиғасы болған жерге санитарлық тікұшақ шақыртатын болады. Халыққа төтенше жағдайлар туралы, жол-көлік оқиғалары жайлы хабарламалар үшін «112» бірыңғай телефон нөмірі туралы хабарлау, сондай-ақ бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет арқылы жедел және біржолғы ақпарат беру жандандырылуда.
Жол қозғалысына қатысушыларды хабардар ету жалғасуда (буклеттер, ақпараттық парақтар, жаднамалар, ұйымдарда жүргізушілерді оқытуда бейнероликтер көрсетіледі ).
Денсаулық сақтау министрлігімен күре жолдық пункттердің медициналық бригадаларын Денсаулық сақтау министрлігі әзірлейтін мемлекеттік тапсырыстың аясында «Апаттар медицинасы» мамандығы бойынша біліктілікті көтерудің сәйкес курстарында оқыту мәселелері пысықталуда, сондай-ақ мүдделі азаматтарды ЖКО болған жерге шұғыл ден қою бригадалары келгенге дейін өз-өзіне және өзара көмек көрсету үшін алғашқы медициналық жәрдем көрсету машықтарына үйрету.
КМҚП салу жөніндегі бағдарламаны іске асыру Қазақстанның басты автомагистральдарында ЖКО болған кезде адамдардың қаза болуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз