САЛМАҚТЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАЙТЫН УАҚЫТ

55

0

Парламент Мәжілісінің кезектен
тыс сайлауын өткізу кездейсоқ қабылданған шешім емес. Депутаттар ел болашағымен
байланысты мәселеде саяси жауапкершілігін танытты. Бастама көтерілгелі бері оны
талқылаушылар ең алдымен Елбасы ұсынған «Ұлт жоспарын» жүзеге асыруды маңызды деп
санайды.

Көзі қарақты оқырман әлемдегі
жағдайдан, халықаралық ахуалдың шиеленісіп тұрғанынан хабардар. Мұндайда ішкі саяси тұрақтылыққа баса мән беріледі. Елбасы
экономикалық өсімге қол жеткізу үшін қоғамдағыынтымақ пен келісімнің маңызы туралы бұған дейін де айтты. Ал сайлау өзекті мәселелерді тағы бір рет сараптауға, талдауға
мүмкіндік туғызады. Жаңа күшпен айналып соққан
әлемдік қаржы дағдарысы сауатты, сапалы әрі жаңа бағдарламаларды іске асыруды талап
етіп отыр. Шетелдік экономист мамандар мұнайдың
әлемдік бағасы құлдырап, қаржы дағдарысы дендей бастаған кезеңде жасалып отырған
бұл бастаманы экономикалық қиындықтарды оңай еңсеруге, елдегі тұрақтылықты сақтап
қалуға оң әсер етеді деп бағалады.

Бүгінгідей сындарлы кезеңде сайлаушылардың
алға қойған мақсаттардың орындалатынына,
дағдарысты еңсеретінімізге сенуі аса маңызды. Көп ретте осындай сынақтардан сүрінбей
өту жолын іздеу арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Ал Елбасы айқындаған «Ұлт
жоспарының» жүзеге асуына серпін беру үшін Мәжіліс сайлауын өткізу, заң шығарушы
билікке тың күш беру керек.

Қалыптасқан жағдай мен туындаған
міндеттер жедел шешімдер қабылдауға үндейді. Сондықтан жаңарған Мәжіліс әр саланың
қыр-сырын білетін мамандардан жасақталып, айрықша экономикалық кезеңнен кідіріссіз
өтуімізге септігін тигізеді деп ойлаймын.

 

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

ҚР Парламенті
Сенатының депутаты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз