САУАЛДАР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

49

0

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Комиссия
төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысындағы Жер реформасы жөніндегі
комиссияның көшпелі отырысын қорытындылады.

– Төрт сағатқа созылған отырыста қырықтан астам адам
сөз сөйледі. Селекторлық режимде облыстың барлық аудандарын қостық. Аудандарда
да ниет білдіргендер өз пікірлерін айтты. Бүгінгі отырыс жұмысына барлығы
250-ден астам адам қатысты. Әрине, өңірлердегі адамдардың сауалдарын,
ұсыныстарын тыңдағанда, оларда барша халықты мазалайтын сұрақтардан бөлек өзге
де көптеген сұрақтар бар екенін байқадық. Негізінен бұл әлеуметтік салаға, ауыл
инфрақұрылымына қатысты жеке сұрақтар. Олар қала тұрғындары үшін түсініксіз
болуы мүмкін, бірақ ауыл тұрғындары үшін бұл бірінші кезекте тұрған мәселелер,
– деп атап өтті бірінші вице-премьер.

Осы мәселеге арналған
Call-орталыққа 51 адам қоңырау шалған. Бұл туралы көшпелі отырысында
облыс әкімінің бірініші орынбасары Қадырхан Отаров мәлім етті.

Отырыста мәселеге қатысты басқа да ұсыныстар айтылды.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары сауалдардың ешқайсысы қараусыз
қалмайтынын, бәрін бір жүйеге келтіріліп, бағыттары бойынша қаралатынын
жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз