СОЛТҮСТІК АУДАНДАР СЕРПІНДІ ДАМУЫ ТИІС

84

0

Сенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
жұмыс сапарымен Арал, Қазалы аудандарында болды. Аймақ басшысы Аралда
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» мекемесінің тыныс-тіршілігімен
танысудан бастады.

Қорықта израильдік технологиямен әзірленетін көгалдандыру
шарасы қол­ға алынуда. Толық жүзеге асқанда жер­гілікті жағдайға қолайлы су
сақтау тех­но­логиясының түрлі формаларын (тамшылатып суару, ылғалды көлдетіп
жинақтау, егістік жерлерді сатылау) енгі­зуге, аумақтық кластерлер теңіздің
кепкен табанына, қалада, ауылдық округтерде екі қатарлы қорғауыш «жасыл белдеу»
құру арқылы ағаш өсіруді жетілдіруге, озат үрдіспен сапалы топырағы бар кон­тейнерлерде,
көшеттерде, топырақ қаба­тын картографиялау негізінде орман отырғызу
учаскелерін таңдауға мүмкіндік туындайды. «Ол үшін «Барсакелмес» орталығына
жеміс-жидек дақылдарын, тәжірибелік орман тәлімбағын қоса алғанда тоғайлық және
бұталы өсімдіктер өсіруге учаскелер бөлу қажет» дейді мамандар. Нақты кезеңде
«Барсакелмес» қорығында жоғары санатты 298 түрлі өсімдік бар. Олардың әлденеше
түрі еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген.

Келесі кезекте Қырымбек Елеуұлы бас­таған топ Арал
қаласындағы №262 мектеп-гимназиясында орналасқан тест орталығына аялдады.
Орталықта бай­қау сынағы жүріп жатыр екен. Аудан кө­леміндегі мектептерден 508
түлек ҰБТ-ға қатыспақшы. Тест орталығы қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
Биылғы жылы 350 мектеп бітіруші тү­лек Жаңақорғанның «Талдысу» лаге­рін­де ҰБТ-ға
дайындық жұмыстарын жүр­гізіпті. Сондай-ақ, түлектерге облыс әкім­дігі
тарапынан сынаққа қажетті дайындық кітапшалары тегін таратылып беріліпті.
Жағымды жаңалық. Мектеп бітірушілермен, ұстаздармен пікірлескен облыс әкімі
алдағы сынақта сәттілік тіледі.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудан активімен кездесті.
Өңірдің әлеу­меттік-экономикалық дамуы жайлы жаса­ған хабарламасында аудан
басшысы Мархабат Жайымбетов атқарылған істерді, алдағы межелерді толыққанды
атап өтті. Сонымен қатар, аудан көлемінде шешімін күткен мәселелер жайлы
ұсыныстарын да ортаға салды. Жиыннан соң облыс әкімі жаңадан салынып жатқан
мешіт құрылысымен танысты.

Сапар
барысында Қырымбек Елеуұлы Қамыстыбас елді мекенінің маңында бой көтеріп жатқан
100 орындық пансионат құрылысында болды. Көлдің батыс жаға­лауында
пансионат-профилакторий құры­лы­сы қарқынды жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 450
млн. теңгені құрайды. Тап­сырылу мерзімі маусым айына белгі­ленген.
Профилакторий жатын, емдеу-про­филактикалық корпус, асхана, баскетбол, теннис,
шағын футбол алаңы, көлік тұрағы тағы басқа
да бөліктерден тұрады. Оған қоса балшықпен, электр жарығымен, сумен
емдеу, жүзу бассейні, ресторан, конференц залы, тынығу бөлмелері, басқа да
қызмет түрлері көрсетіледі. Нысанды «Саутс-Ойл» ЖШС жүргізуде. Құрылысшылармен
жүздескен облыс әкімі жұмыс сапасына мән беруді тапсырды. Оқушыларды жазғы
демалыспен қамту, сауықтыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту тұрақты күн
тәртібіне қойылған. Осы маңдағы «Ұландар» лагері кезінде асар әдісімен
салынған-ды. Ағымдағы жылы лагерьде төрт аусымда балалар демалады деп
жоспарлануда. Тынығушылар жалпыға бірдей білім беру қорынан, мектептің
кәсіподақ ұйымынан қаржыландырылады. «Қамыстыбас демалыс аймағы» жобасы
көпшіліктің қызығушылығын туындатуда. Көлге демалыс күндері ауданынан тіп­ті
көршілес облыстардан келген тыны­ғушыларды көре аласыз. «Батыс Еуропа –Батыс
Қытай» халықаралық автокөлік дәлізіне жақын жерге орналасуы демалыс аймағының
басты артықшылығы. Жоба­ны іске асыруға бөлінген аумақтың көле­мі 494 га.-ны
құрайды. Салынатын нысан­дар, инженерлік комуникациялық инфра­құры­лым
жүргізуге көлемді қаржы қажет. Осы­нау жайттар облыс әкімінің назарынан қалыс
қалмады.

Түс
ауа Қырымбек Көшербаев Қазалыда аудан
активімен кездесу өткізді. Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық да­муы
туралы аудан әкімі Бақыт Жаханов хабарлама жасады. Кездесуде атқарылған
жұмыстармен қатар, алдағы межелер баян­далды. Мұнан соң облыс әкімі №249 мек­теп-лицейдегі
«Ұлттық тестілеу орта­лығында» болды. Ағымдағы жылы 607 түлек ҰБТ тапсыруға
тілек білдірген. Ай сайын байқау тест қортындысымен сараптама жасалады. Аудан
бойынша 24 «Алтын белгіге», 7 «Үздік аттестатқа» үміткер ұсынылыпты.
Аудиториялар лай­ықты жабдықталған. Ұялы байланыс теле­фондарын тұншықтыру,
металл іздегіш құралдар, бейнебақылау камераларымен қамтылған. Қырымбек Елеуұлы
алдағы сынаққа сәттілік тілеп, лебізін білдірді.

Қазалы
қаласындағы «Шағала» БСДО-да болған сәтінде облыс әкімі тазалық, қауіпсіздік
шараларының мүлтіксіз орын­далуын тапсырды. Орталық аумағында жатақхана,
асхана, медпункт, жаздық клуб,
басқа да нысандар бар. Биыл бала­лар­дың
жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатындағы ағымдағы жөндеуге, шаруа­шылық
заттарына аудандық бюджеттен 1300 мың теңге қаралған. Тиісті жұмыстар
жүргізілуде. Шалғайдағы Ажар елді мекеніне тікұшақпен ұшқан облыс әкімі ауылдық
округтің даму барысымен таныс­ты. Жел электрстанциясы жанында елді мекенді
электр энергиясымен қамтама­сыз ету жайын талқылауға қатысты. Ажар ауылы
әлеуеті төмен санаттағы ел­ді мекендер қатарына енгізілген. Мұн­дағы
жел-электр станциясы жарамсыз күй­де қалған-ды. Жыл басында ауылды электрмен
қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 1,6 млн. теңге бөлініп, дизельді
генератор сатып алынған екен.

 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Арал, Қазалы аудандары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз