ТАРИХ ТАҢДАҒАН, ХАЛЫҚ ҚОЛДАҒАН

101

0

ТАРИХ ТАҢДАҒАН, ХАЛЫҚ ҚОЛДАҒАНСаяси науқанды жоғары
дәрежеде өткізген Сыр жұртшылығының қуанышында шек жоқ. Кеше «Еуразия» спорт
кешенінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Тарих таңдаған, халық
қолдаған» атты жеңімпаздар форумы өтті. 

Жеңімпаздар форумында аймақ
басшысы сындарлы сәтте сыр бермей Нұрсұлтан Назарбаевты бірауыздан қолдап,
бірлігін танытқан Сыр еліне Елбасының ыстық сәлемін жеткізді.
– Бүгін тәуелсіз еліміз тағы
бір тарихи оқиғаның, зор қуаныштың құшағында тұр. Халқымыз бірауыздан Ел
Президенті етіп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Орталық сайлау
комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, сайлаушылардың 97,7 пайызы Елбасын
қолдап дауыс берді. Соның ішінде қызылордалықтар белсенділік көрсетті. Сайлауға
келгендердің 98 пайыздан астамы ел тізгінін тұңғыш Президентке сеніп тапсырды.
Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы халқының риясыз сеніміне ие екендігін айқын
дәлелдеді. Сын сәтте сыр бермеген Сыр жұртшылығын ортақ жеңіспен шын жүректен
құттықтаймын. Сайлауды ұйымдастырып, оны өткізуге атсалысқан барлық азаматтарға,
әсіресе жастарға, әрбір жерлеске Елбасының атынан ризашылығымды білдіріп,
рахмет айтамын. Сіздер қосқан үн Тәуелсіз Қазақстанның толағай табыстары болып
жаңғыратынына кәміл сенеміз. Өйткені Президенттік сайлау арқылы халқымыз
бүгінін байыптайтын, болашағын бекемдейтін саналы таңдау жасады. Бұл жарқын
жеңісіміз көшіміздің түзу, көкжиегіміздің шуақты, бағытымыздың дұрыс екендігін
тағы да айғақтай түседі, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Форумда жастар қолдарына
жалауша ұстап, «Менің Президентім – Нұрсұлтан, Жаса мәңгі, Қазақстан!» деп үн
қосып, «Нұрлы жол!», «Нұрсұлтан!», «Қазақстан!» деп ұрандатты. Әншілер
патриоттық әндер шырқады. Сондай-ақ, бірқатар азаматтар Елбасының жеңісімен,
елдің жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін, жалынды сөздерін айтты.
Форумда «Мәді қажы» ЖШС
төрағасы Камаладдин Аббас өз пікірін білдірді. Ақын, тележурналист Шахизада
Әбдікәрімов «ата-бабамыздың асыл арманы баянды болуы үшін Елбасын қолдадық»
десе, «Сыр үміті» сыйлығының иегері Елена Рыбина «Елбасыға – жарқын да кемел келешекке
дауыс бергенін» жеткізді.
Дәурен ОМАРОВ.
 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз