ТҰҒЫРНАМА АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

46

0

Кеше «Нұр Отан»
партиясы Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының кезектен тыс отырысы
болып өтті. Филиал төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысқан жиында
«Қазақстан. 2017 мақ­саттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды
тұғырнамасының облыста орындалу барысы талқыланды. Мәселеге орай партия филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов хабарлама жасап, атқарылып
жатқан жұмыстарға тоқталды.


Сайлауалды бағдарлама 6 үл­кен бағыттан тұрады. Онда бі­лім, денсаулық саласы,
ауылдағы ағайын­ның мәселесі, жұмыспен қамту жайы, әлемдік саясаттағы еліміздің
же­­тістіктері қамтылған. Аталған жайттар төңірегінде қарқынды жұ­мыс­тар
жасалып жатыр. Мәселен, биыл­ғы жылдың соңына дейін 3-6 жастағы балаларды
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 100 пайыз қамту межеленіп отыр. Те­гін
білім алуға қолжетімділікті қам­та­масыз ету мақсатындағы облыс бас­шысының тиімді
жұмыстары нәтижесінде Ресейдің маңдайалды жоғары оқу орындарында сол елдің
бюджеті есебінен қызылордалық 311 студент білім алып жатыр. Оған қоса «Серпін»
бағдарламасы бойынша былтыр – 799, биыл 1787 бала грант негізінде жоғары және
орта арнаулы оқу орындарына түсті. Бұл орайда әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз
етілген 365 балаға облыс әкімінің гранты берілгендігін ерекше атап өткен жөн.
Оған қоса білім ошақтарынан өзге, медициналық нысандар салынып, кейбірі қайта
жөндеуден өткізілді. Ал соңғы екі жылда «Жол картасын» іске асыруға облыстық
бюджеттен қосымша 4,4 млрд теңге бөлініп, емдеу мекемелерінің материалдық-тех­никалық
базасы едәуір күшей­тіл­ді, – деп тұғырнаманың өзге де ба­ғыттарына тоқталды.
Ауылдарды дамытуда жасалып жатқан шара­ларды да ортаға салды. Сондай-ақ,
тұғырнаманың «Нұр Отан» – болашаққа сенімділік» деп атала­тын алтыншы тарауы
негізінде жұ­мыс­тардың күшейтілгендігін тілге тиек етті.

Елбасы,
партия Төрағасы былтыр тамызда өткен кезектен тыс саяси бюро жұмысында партияға
жаңа міндеттер жүктеді. Дамудың жаңа белестеріне жету үшін «Нұр Отан»
партиясына қажетті барлық ұйымдастыру, кадр, зияткерлік ресурстар жағынан
жағдай жасалды. Ал тиімді жұмыс жүйесін орнықтыру бағытында 21 регламенттік
құжат қабылдады. Осыған орай филиал тарапынан 30-дан аса ұсыныс берілді. Оның
біршамасы құжаттарда көрініс тапты.

Жиын
барысында Саяси кеңес бюросы жұмысының регламенті, облыстық мәслихаттағы партия
қоғамдық бірлестігінің депутаттық фракциясы туралы ереже бекітілді. Сондай-ақ
аталған фракцияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспары нақтыланды.

Шараны
қорытындылаған об­лыс­тық филиалдың төрағасы, ай­мақ басшысы Қырымбек Көшер­баев
бірінші желтоқсан – Тұң­ғыш Пре­зидент күніне орай облыс тұр­ғындарына жасалып
жатқан жа­ғым­ды жаңалықтарға тоқталды.


Мерекеге орай бір күнде 730 пә­тердің кілті тапсырылмақ. Сонымен қатар «Сыр
суы» фестивалі ая­сында қала тұрғындары жер ас­тының сапалы ауыз суына қол жет­кізбек.
Бұл орайда 87 ұңғыма іске қосылады. 92 жаңа автобус қоғамдық көліктер қатарын
толықтырады. Аймағымызда атқарылып жатқан шаралар бұнымен шектелмек емес. Бұған
дейін де ауыз толтырып айтар жетістіктерге жетіп келеміз. 2016 жыл мен 2017
жылдың бірінші жартыжылдығы экономикадағы ір­кі­лістер толық шешімін таба қой­майтыны
байқалып отыр. Сондықтан мұндай сындарлы кезеңде Сыр елі сыр білдірмеу керек, –
деп, бұл ретте партия мүшелерінің халыққа одан әрі жақындай түсуі керектігін
қадап айтты. Жиын соңында пар­тияға жаңа мүшелер қабылдап, олар­ға арнайы
куәлік пен төсбелгі табыс етті.

Мөлдір
ҚОЖАХМЕТОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз