ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛ

47

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласын ақпарат беттерінен оқып, теледидар хабарларынан естіп танысып, біліп жатырмыз.

Онда Мемлекет басшысы осы кезеңдегі еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуын саралап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жаңа бастамалар мен алға қойған міндеттер мен мақсаттар жайлы кеңінен баяндайды.

Елбасы атап көрсеткендей, 2016 жылдың бірінші қаңтарынан «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың нағыз тәжірибелік кезеңі басталды.

Мемлекет басшысы өз мақаласында еліміздегі білім мәселесін назардан тыс қалдырмаған. Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды.

Осыған дәлел ретінде 2017жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасының жүзеге асырыла бастайтынын айта кетуге болады. Бұл дегенің, бұдан былайғы жерде мектеп бітірген және жоғары оқу орындарына түсе алмаған мектеп бітіруші түлектер жер-жердегі жұмыссыздар санын арттыра бермей, қара базарларда жүріп, арба сүйрегендерін қойып, тегін жұмысшы мамандығын алып, бір жағынан өзіне нәпақа тауып, екіншіден еліміздің экономикасы мен әлеуметтік хал-ахуалын дамытуға үлестерін қоса алатын дәрежеге жетеді.

Қазігі таңда әлемде етек жайып отырған қаржы дағдарысының басты қатері жұмыссыздықтың өсуі болып отырған жағдайда өскелең ұрпақ кәсіптік-техникалық оқу орындарында, өндіріс базаларында білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтап, дуальды оқыту жүйесі арқылы теориялық және практикалық (өндірістік) оқу бағдарламасы арқылы бітірген жас өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады. Бұл деген жастардың болашағына жарқын жол ашылмақ деген сөз.

Естіп, біліп жүргеніміздей қазірдің өзінде дуальды оқыту жүйесіне көшу арқылы оқыту мен дайындықтың теориялық бөлігі білім беру ұйымдарының базасында, ал тәжірибелік бөлігі өндіріс орындарында өткізіліп жатыр. Біздің түсінігімізше дуальды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты кәсіптік-техникалық оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өн­діріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретін­де бірлесе отырып, еңбек нарығындасұранысқа ие бола алатын, бәсекелестікке қабілетті, оған төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағ­дар­ламаларды меңгеруге лайық жұмысшы мамандарын даярлау әрбір оқу орны басшыларының, инженер педагогтарының негізгі міндеттері деп білеміз.

Әлі де болса еңбек нарығында, әсіресе ауылшаруашылығы және құрылыс саласында білікті жұмысшы мамандығының тапшылығы кездесіп тұрады.

Кәсіптік-техникалық білім беру үрдерісінде қазіргі заман
талабына сай ұйымдастыру бағы­тындағы кемшіліктер, оқу бітірген жас мамандардың
бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, теориялық оқу мен практикалық
жұмыстың, оқу орны мен өндірістік серіктестіктің арасындағы алшақтықтың орын
алуы әлі де болса кездесіп тұратын жағдайлар.

Елбасының тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді орындау оқу
орындарының, жұмысшы мамандарының қажет ететін өндіріс орындарының, кәсіпкерлер
палатасының, әлеуметтік серіктестіктердің басты назардағы түбегейлі мәселелері
болмақ. Бүгінгі өскелең ұрпақ, жас мамандар – біздің болашағымыз. Олардың
болашағына жарқын жол ашу – Ұлт жоспарының басты мақсаттарының бірі.

 

Сексенәлі РАХАНОВ,

кәсіптік-техникалық
білім беру

саласының
ардагері,

Қызылорда облысының құрметті қайраткері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз