«Жезқазған – Бейнеу» темір жолына қаржы қайта қаралады

42

0

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің «Қазмедиа» орталығында өткен брифингінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.  
«Жезқазған-Бейнеу» темір жол желісін салуға арналған шығыстарды қайта бөлу және ұлғайту қарастырылған. Шығыс көлемі 30 млрд. теңгені құрайды», – деді Б.Жәмішев.
Айта кетейік, Елбасы Жолдауында айтылған «Жезқазған-Бейнеу» теміржолының құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылдың шілде айында тұсауы кесілген стратегиялық жобаны 2015 жылы аяқтау жоспарланған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз