Колледж үздіктері

Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінде «Аспазшы ісі», «Киімдер дизайны және модельдеу» құзыреттіліктері бойынша «WorldSkills  Qazaqhstan»  Ұлттық  чемпионатының облыстық іріктеу байқауы өткізілді. Аталмыш байқау 2014 жылдың  10 шілдесінен бастап WorldSkills  International  халықаралық  қозғалысының  қатысушысы болып бекітілген болатын, бұған әлемнің  76-дан астам  мемлекеті қатысып отыр.

WorldSkills  International халықаралық  қозғалысының негізгі мақсаты - жұмысшы мамандығының  құзіреттілігін көтеру, техникалық мамандықтарға жастардың қызығушылығын арттыру, ерекше дарынды және интеллектуальды қабілеті жоғары білім алушыларды және өз ісінің шеберін  анықтау. «WorldSkills Qazaqstan» ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу біздің елімізде төртінші  рет ұйымдастырылып  отыр.  Биылғы 2018 жылы 18 мамандық бойынша аймақтық іріктеу байқауына  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 89 білім алушы  қатысуда,  жеңімпаздар аймақаралық Шымкент каласында және Астана республикалық кезеңге жолдама алады, білім алушыларға сарапшылық жасауға әлеуметтік серіктестік  мекемелерден  сарапшылар  іріктеліп  алынды.

«WorldSkills  Kazakhstan» Ұлттық  чемпионатының  облыстық  іріктеу  байқауына «Аспаз» құзыреттілігі бойынша 6 колледжден 6 сайыскер қатысып отыр. Байқауға қатысушылар 6 модуль (Карвинг, ұлттық тағам, негізгі ыстық тағам, талғамды асхана, күнделікті тағам, десерт) бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.Тапсырмаға берілген уақыт 6-сағат; «Киім дизайны және модельдеу» құзыреттілігі бойынша 6 колледжден 6 сайыскер қатысып отыр.  Байқауға қатысушылар 1-модуль «Әйелдерге арналған жакетті өңдеу» -7 сағат, 2-модуль берілген тапсырма бойынша муляждық әдіспен жұмыс – 1 сағат (әр модуль 100-500 ұпайға дейін бағаланады). 

2016 жылы «Аспаз» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чимпионатында колледж студенті Мамбетиярова Ботакөз жүлделі І орын иеленді. Бүгінгі таңда Астана қаласындағы мейрамханада бас аспаз болып қызмет атқарып жүр, ал ІІІ орын иеленген Жиенқожа Назерке, бүгінгі таңда жоғары оқу орнында білімін жалғастыруда. «Киім дизайны және модельдеу» құзыреттілігі бойынша колледж студенті Жұрғат Оразкүл жүлделі І орын иеленді, бүгінгі таңда Қызылорда қаласы «DALATEX» ЖШС мекемесінде тігінші болып қызмет атқаруда.

2017 жылды  «WorldSkills  Kazakhstan» Ұлттық  чемпионатының аймақтық іріктеу байқауынан  ең үздік деп танылған  колледждің  үшінші курс  студенттері «Аспазшы» құзыреттілігі бойынша Босатхан Гүлзат Жарасханқызы және «Киім дизайны және модельдеу» құзыреттілігі бойынша Тұрғанбай Ақгүл Қайратқызы Астана қаласында 2-5 мамыр күндері аралығында өткен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына қатысып алғыс хаттармен марапатталды.

Колледж  бітіруші түлектері өз мамандықтары бойынша әр салада халыққа қызмет көрсетуде. Атап айтатын болсақ: Облыстық әкімшілік асханасында Алмат Бек аспаз, «Брикстон» мейрамханасында Оразбаев Бағдат бас аспаз, «DALATEX» ЖШС мекемесінде Тұрғанбай Ақгүл тігінші болып қызмет атқарып жүр.

Білім 18 сәуір 2018 г. 596 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031