Сапалы білімге саналы қадам

Еліміздегі іргелі оқу орын­дардың бірі – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. Ол Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық және Астана қаласындағы ауылшаруашылығы бағытында кәсіби маман дайындайтын алдыңғы қатарлы білім ордасы.  Бастауын 1957 жылдан алатын Ақмола ауыл шаруашылығы институты ауыл балаларынан жоғары дәрежелі мамандар даярлау мақсатында ашылған.  Қазіргі таңда бұл білім ұясы зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар, республиканың ғылыми-оқу орталығы болып қалыптасты.

Институттан ғылыми университетке айналып, заман талабына сай бейім­делген оқу орны елдің түрлі саладағы агроөндірістік кешені үшін 60 мыңнан астам маман даярлады. Олар ел эконо­микасының дамуына үлес қосып келе­ді. Сондай-ақ, 30 елдің жоғары оқу орны С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің серік­тестері болып отыр.

Университеттің бұғанасы бекіп, ау­қы­мы кеңейе бастағанын шетел­дер­мен орнатылған байланыс дең­гейінен де байқауға болады. Бір ғана мысал ре­тінде, аграрлық саладағы әлемдік же­­­текші зерттеу университетінің бі­рі – Калифорния университетімен ын­­­ты­­мақтаса жұмыс жасайтынын атап өтуге болады. Бүгінде екіжақты бай­ланыс орнатылып, тиіс­ті ма­ман­­­дар даярлануда, жаңа білім бе­­ру бағдарламалары жасалуда. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро­тех­никалық университеті – Ұлы Хартия уни­верситеттерінің толық құқылы мүшесі. Бұл – өз кезегінде оны біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қа­лыптастыруда негіз бола алады де­ген сөз. Қазіргі уақытта АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Белоруссия, Алмания, Малайзия, Италия, Израиль, Моңғолия сынды 20-дан астам елдің жоғары оқу орындарымен және ғы­лыми-зерт­теу орталықтарымен ты­­­ғыз серік­тес­тік орнаған. Бұл мем­ле­кеттерде уни­вер­ситеттің 500-ден астам оқыту­шылары мен студенттері ғылыми тағы­лымдамадан өтіп, білім­дерін же­тіл­діруде. 

Біздің университетімізде теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар алған білімді тәжірибелік тұрғыдан да жүзеге асыруды үйрететін жоғары білікті оқытушылар жұмыс жасайды. Оқытушылар тәжірибе алмасып, білікті маман даярлау мақсатында шет елдегі әлемдік жетекші оқу орындарына жиі барады.  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде са­па­лы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда,  бай кі­тап қоры бар кітапхана, интернет клас­тар, спорттық кешен, студенттік емхана және дәріхана. Студенттердің шығармашылық үйірмелерге қаты­су­ға толық мүмкіндіктері бар. Олар: «Ақ желкен» студенттік театры, «Қыз­ғалдақ» және «Шаттық» би, вокалдық ән және «Шабыт» аспаптық ансамбльдері мен әскери кафедра.

Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында озық технологиялар басшылыққа алынған. Университеттің тиімді қызмет етуін үздіксіз дамыту арқылы студенттердің білім сапасын жоғарылату мен білім берудегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату да назардан тыс қалмайды. Атқарылған жұмыстардан өрлеу динамикасын байқауға болады. Алда үлкен міндеттер тұр. Білімді ұрпақ тәрбиелеп, болашаққа бағдар берудің өзі – тағылым. Сол қастерлі мақ­саттың биігінен көрінуге ұмтылып, арман қуған жастарды білім нәрімен сусындатып, киелі оқу ордасының бе­делін арттыруға қызмет ету – басты мақсат.

Б.РҮСТЕМБАЕВ,

 «Маркетинг және сервис» кафедрасының меңгерушісі, 

э.ғ.д., профессор,  

Н.ҚАСҚАТАЕВ,

 э.ғ.к., доцент, 

  Ж.МҰХТАРОВА,  ассистент.

Білім 21 маусым 2018 г. 981 0