IT-ECHELON: ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ ЖЕМІСТІ ЖОБА

Бүгінгі заман ақпараттық технологиялар кезеңі. Осы сала бойынша алға озып кеткен елдер бар әлемде. Сондықтан да көш соңында қалып қоймау үшін Елбасы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуды міндеттеп отыр.

Ол үшін біз жастардың ІТ технологиялары бойынша сапалы білім алуына қол жет­­­кізуіміз керек. Сол се­беп­ті де облыс әкімінің биыл­ғы оқу гранттарының 70% ІТ технологиясы бо­­­­йынша мамандықтарға бе­ріле­­ді. Өйткені, жастарымыз тек компьютерді мең­геріп қана қоймай, өздері жаңа жобаларды жасайтын деңгейге жетуі қажет. Ай­мақ­та инновациялық және бизнес бастамаларға әрдайым қол­дау жасала береді. Бүгінгі жо­ба – «Жастар жылы» аясында жүзе­ге асырылуы тиіс шара­лар­дың бірі.

«Болашақ» универси­те­тінде «IT-Echelon» бағыты бо­йынша арнайы оқу бағдар­ламасының ресми ашылу сал­танатында облыс әкімінің орын­басары Руслан Рүстемов осын­дай ойларын жеткізді. Тұсаукесер рәсіміне, сондай-ақ, облыстық цифрлық техноло­гиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова, «Болашақ» университетінің рек­торы Қуаныш Дәурен­беков, ақпараттық техноло­гия­лар орталығының дирек­торы Сәбит Ибадулла қа­­тысты. Олар IT бағытының маңыз­ды­лығы туралы кеңінен әңгі­мелеп берді.  

Болашақта IT технологиясы енгізілмейтін сала қалмайды. Жаңа технологиялар адам өмірін жеңілдетуге, уақытын үнемдеуге көмекке келеді. Стив Джобс және басқа да мықты мамандар тек шетелдерде ғана өмірге келеді деген түсінік қалыптаспауы тиіс. Біздің жастарымыздың арасынан да сондай мықтылар шығады. Спикерлер сөзінің түйіні осы болды.

«IT-Echelon» бұл ВЕБ-қо­сым­шаларды әзірлеудің негізгі аспектілері бойынша онлайн мүмкіндігін беретін оқу бағ­дарламасы саналады. Бұған қатысушылар фундаментальді аспектілер бо­йынша онлайн интенсивтермен веб-қосым­шаларды әзiрлеуді үйренетін болады  Олар сарапшыларды тыңдап, сонымен қатар, Қазақстанның және ТМД елдерінің, сондай-ақ, Яндекс, Майл ру, Тіnkoff секілді It компаниялардың кә­сiби мамандарынан дәріс ала­тын болады. Бағдарламаға қа­тысушы барлық тыңдау­шы­ларға өздерінің білімдерін, идеяларын, стартап жоба­ларын жүзеге асыруға мүм­кін­діктер жасалады. Аталған бағдарлама жаңа жобаларды жасайтын кадрларды дайын­дауға және жергілікті ІТ қауым­дастығының пайда болуына өз үлесін қосады деген сенім мол.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

Білім 12 наурыз 2019 г. 1 210 0