ШЫРАҒЫН ЖАҚҚАН ШӘКІРТТІҢ...

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұ­ға­лімдік екінің бірінің қо­лынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке те­ңер едім» деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыны мен қызығы бір басқа жетерлік мамандық атау­лының ұлы­сы. Осы жолда біз үлгі тұтатын ұлағат иесі бар. Ол – Жаңарық ауылындағы №167 мектепте отыз жеті жылға жуық  шә­кірт тәрбиелеген Ақжайқын Мұрат­байқызы.
Ұзақ жылдар бойы ұс­таз­дық жолында өзі­нің ай­шықты ең­бе­гі­мен дараланған Ақ­жай­­­қын апай жайлы ерек­ше ілтипатпен айт­қым ке­леді. Оның әр ісі­нен шығармашылықты, жо­ға­ры педа­гогикалық бі­лік пен ізде­нім­паздықты бай­қау қиын емес. Әрқашан адамды өзіне баурап алатын мейірімділігі тек қана өзіне тән. Ұстаз бала алдында өзінің жүріс-тұры­сы­мен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, да­­­уыс ырғағымен, яғни, бар­­лық жағынан үлгі бо­ла білді. Ұлы жазушы Л.Толстой «Білім беру­дің қай түрі болмасын – тәрбие» деп бекер айт­паса керек. Білім беру арқылы  тәрбиелікке бау­лу – Ақжайқын Мұрат­бай­қызының бас­ты мақ­сат­та­рының бірі. Қазақ ұл­тына тән кіші­пейіл­ділік, ізет­тілік, үлкенді құрметтеуге тәр­биелей отырып, Отанға де­ген сүйіс­пеншілікті, ұлттық әдет-ғұрыпты, салт-дәс­түрді қас­терлеудің мән-­мағынасын әрбір са­бақта шәкірттерінің бо­йына сі­ңі­руді парыз деп білді. Ұс­­таздық жолдағы ұла­ғат­ты өнегесі мен шуақты шарапаты талай шәкірттің бойына тарады.
Қысқасы, талай жанға тәлім мен білім берген ұлағат иесін дәріптей білу біз үшін парыз деп білдік.

Ақниет ЕРАХАНҚЫЗЫ,
№167 жалпы орта
мектеп мұғалімі.
Жаңақорған ауданы.
Білім 21 сәуір 2019 г. 516 0