Сәт сапар саған, жас түлек!

Облыстағы барлық орта мектептерде оқу жылын аяқтағандәстүрлі соңғы қоңырау салтанаты өтті. Білім басқармасының мәліметінше, биылғы оқу жылында 293 мектепте 153 502 оқушы білім алды. Оның ішінде 2018-2019 оқужылында 261 мектептен 5754 оқушы 11- сыныпты аяқтады. Оның 4143-і, яғни 72% маусым айында өткізілетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген. Жалпы бітірушілердің 412-сі «Алтын белгіге», 270-і «Үздік аттестатқа» үміткер. 29 колледжден 5398 студент күндізгі оқу бөлімін аяқтайды. Оның 835-і (15%) ҰБТ-ға қатысады.

Қызылорда қаласындағы Нағи Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназияда «Сың­ғырла, соңғы қоңырау, Мәңгілікел көгінде...» та­қырыбында салтанатты жиын өтті. Шарада «Nur Otan» партиясыоблыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес тілектестігін жеткізді.

– Еліміздің болашағы – сіз­дердің қолдарыңызда. Сон­дық­тан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай,талмай із­деніп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызды тілейміз, – деді ол.

Мектеп-гимназиядиректоры Батырбек Әбиев оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтады.

Білімнің алтын кілтінмектеп бітіруші түлектері «Алтын белгіге» үміткер Жаңыл Сәр­сенбай мен СалтанатЖакенова 10-сыныптың үздік оқушылары Әсел Наушабай мен Анастасия Маслииге табыстады. 

Соңғы қоңырау соғурәсімі Сая Мұхаметалиева мен Жания Мінайдарға және 1-сынып оқушысы, математи­каолим­пиадасының бас жүл­дегері, үздік оқушы Құл­мұхаммед Қашқынбайға және Томирис Махамбетоваға тапсырылды. 

Айта кету керек, биыл 48 бала мектеп қабырғасымен қоштасқалы тұр. Оның бесеуі «Алтын белгіге»үміткер, 5 түлек еліміздің және Ресейдің жоғары оқу орнының білім гранты иегерлері.

Мұнан соң құрамында грант иегерлері, білім олимпиадаларының, спорт, өнер жарыстарының жеңімпаздары, «Алтын белгі», үздік аттестат үміткерлері бар көшбасшылардың шеруі өтті. «Мектеп вальсі» жарияланып,  түлектер жұп-жұбымен билей жөнелді. Салтанаттың шырқау сәтінде лицей түлегі, «Алтын белгі» үміткері Әлихан Әмірханов ұстаздарға деген ыстық ықыласын арнады.

Айта кетейік, биыл 80 жылдығын атап өтетін білім ордасы жылды нәтижелі аяқтап отыр. Мұнда аймақтық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, техникалық көрмелерден жүлдемен оралған өрендер көп. Мәселен, респуб­ликалық деңгейдегі олимпиадалардың қалалық кезеңінде  51 оқушы жүлделі орындарды қанжығаласа, облыстық кезеңде оның 10-ы үздік деп танылған. Үш оқушы  Асқар Жұмаділдаев атындағы математикалық олимпиадада жеңіске жеткен, Оңтүстік Кореяда өткен жас ғалымдар халықаралық жобасында да алтын медаль лицей еншісіне бұйырыпты. Ал, биыл оқу ордасының табалдырығынан  87 түлек түлеп ұшпақ. Оның 6-ы – «Алтын белгіге», 7-і үздік аттестатқа үміткер. Олардың алдында енді 20-шы маусым мен 5 шілде аралығында өтетін тестілеуге қатысу мен оқу орнын таңдау міндеті тұр.

***

Соңғы қоңырау үлкен өмірге қадам басатын әрбір түлек үшін мектеп қабырғасындағы соңғы шара. Мектеп бітіруші түлектердің көңіл-күйлерін білу үшін №140 қазақ орта мектебіндегі  салтанатты жиынға қатысып қайттық.

Мектеп директоры Айгүл Наж­мадинқызы айтқандай, бұл шараға мектеп ұжымы ерекше дайындалған.  Сон­дай-ақ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры М.Аңсатова, облыстық мәслихат депутаты Б.Махашев, «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы  Н.Көбегенұлы және ардагер ұстаздар арнайы шақыртылыпты. Іс-шара барысында мектеп директоры жылға қорытынды жасап, атқарған жұмыс­тарына есеп беріп өтті. №140 қазақ орта мектебінің бірден-бір жетістігі – Назарбаев Зият­керлік мектебі дербес білім беру ұйымының деңгейлі білім беру бағдарламасы бо­йынша пән мұғалімдерінің оқу үрдісін тереңдетуі. Сонымен қатар, қандай бағытта болмасын үлкен жетістіктерді иемденіп келе жатқан білім ордасы жаңа технологияларды меңгерумен қатар, қашанда жаңа бастамаларға оңай икемделе алатындығын дә­лелдеді. Олай дейтін себе­біміз, «Әлеуметтік жо­балар – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбында білім ордасында жүзеге асырылған жобалардың қарқынды жұ­мыс жасауы. «Туған елге тағзым», «100 кітап», «Wikipedia клубы», «Ауылдағы екі апта», «Ата-ана жұмысындағы 10 күн» және «Қоғамға қызмет етемін» атты жобалар өскелең ұрпақтың тағылымын кеңейтетіні сөзсіз. Жоғарыда аталған әлеуметтік жобалардың жыл бойы атқарған жұмыстары көрсетіліп, келген қонақтарға міндеттері таныс­ты­рылды. Жиын барысында, бі­лікті ұстаздар мен дарынды оқу­шылар марапатталып, ­арнайы сыйлықтар табысталды.


 

***

 

Сондай-ақ, М.Дүйсенов атындағы №15мектеп-лицей оқу жылын қорытындылады. Көңіл тебірентер шараға қала әкіміНұрлыбек Нәлібаев қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналар қауымынмерекемен құттықтады. 

 

– Алдағы уақытта текжақсы жетістіктеріңізбен, жоғары көр­сеткіштеріңізбен қуанта бе­ріңіздер.Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың және аялап өсіргената-ана­ларыңыздың үмітін ақтайды деген сенімдеміз. Тестілеуден сүрінбей өтіп,қалаған мамандық иесі болуларыңызға тілектеспіз, – деді қала әкімі. 

Осындай шара №3ІТ-ли­­цейде де жалғасын тапты. Салтанатты кешке қала әкі­мінің орынбасары МираҚаз­бекова мен қалалық білім бө­лімінің басшысы Меруерт Әбді­ха­лықова қатысып,ақ тілегін жол­дады. Мемле­кет тарапынан білім беру сала­сын жаңғыртуға үлкенмән берілгендігін, бұл тарап­та облыста жаңадан бой кө­терген білім нысандары,оқу­шы­лардың жазғы демалыста тынығуына қолдау жасау се­кілді игілікті шаралардың аз еместігін атап өтті.



Мұнан соң құрамында грант иегерлері, білім олимпиадаларының, спорт, өнер жарыстарының жеңімпаздары, «Алтын белгі», үздік аттестат үміткерлері бар көшбасшылардың шеруі өтті. «Мектеп вальсі» жарияланып,  түлектер жұп-жұбымен билей жөнелді. Салтанаттың шырқау сәтінде лицей түлегі, «Алтын белгі» үміткері Әлихан Әмірханов ұстаздарға деген ыстық ықыласын арнады.

Айта кетейік, биыл 80 жылдығын атап өтетін білім ордасы жылды нәтижелі аяқтап отыр. Мұнда аймақтық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, техникалық көрмелерден жүлдемен оралған өрендер көп. Мәселен, респуб­ликалық деңгейдегі олимпиадалардың қалалық кезеңінде  51 оқушы жүлделі орындарды қанжығаласа, облыстық кезеңде оның 10-ы үздік деп танылған. Үш оқушы  Асқар Жұмаділдаев атындағы математикалық олимпиадада жеңіске жеткен, Оңтүстік Кореяда өткен жас ғалымдар халықаралық жобасында да алтын медаль лицей еншісіне бұйырыпты. Ал, биыл оқу ордасының табалдырығынан  87 түлек түлеп ұшпақ. Оның 6-ы – «Алтын белгіге», 7-і үздік аттестатқа үміткер. Олардың алдында енді 20-шы маусым мен 5 шілде аралығында өтетін тестілеуге қатысу мен оқу орнын таңдау міндеті тұр.

***

Соңғы қоңырау үлкен өмірге қадам басатын әрбір түлек үшін мектеп қабырғасындағы соңғы шара. Мектеп бітіруші түлектердің көңіл-күйлерін білу үшін №140 қазақ орта мектебіндегі  салтанатты жиынға қатысып қайттық.

Мектеп директоры Айгүл Наж­мадинқызы айтқандай, бұл шараға мектеп ұжымы ерекше дайындалған.  Сон­дай-ақ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры М.Аңсатова, облыстық мәслихат депутаты Б.Махашев, «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы  Н.Көбегенұлы және ардагер ұстаздар арнайы шақыртылыпты. Іс-шара барысында мектеп директоры жылға қорытынды жасап, атқарған жұмыс­тарына есеп беріп өтті. №140 қазақ орта мектебінің бірден-бір жетістігі – Назарбаев Зият­керлік мектебі дербес білім беру ұйымының деңгейлі білім беру бағдарламасы бо­йынша пән мұғалімдерінің оқу үрдісін тереңдетуі. Сонымен қатар, қандай бағытта болмасын үлкен жетістіктерді иемденіп келе жатқан білім ордасы жаңа технологияларды меңгерумен қатар, қашанда жаңа бастамаларға оңай икемделе алатындығын дә­лелдеді. Олай дейтін себе­біміз, «Әлеуметтік жо­балар – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбында білім ордасында жүзеге асырылған жобалардың қарқынды жұ­мыс жасауы. «Туған елге тағзым», «100 кітап», «Wikipedia клубы», «Ауылдағы екі апта», «Ата-ана жұмысындағы 10 күн» және «Қоғамға қызмет етемін» атты жобалар өскелең ұрпақтың тағылымын кеңейтетіні сөзсіз. Жоғарыда аталған әлеуметтік жобалардың жыл бойы атқарған жұмыстары көрсетіліп, келген қонақтарға міндеттері таныс­ты­рылды. Жиын барысында, бі­лікті ұстаздар мен дарынды оқу­шылар марапатталып, ­арнайы сыйлықтар табысталды.

 

Шынар БЕКБАН,

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,

«Сыр бойы»,

Ғалия БИСЕЙІТ,

Қожа Ахмет Ясауи 

атындағы қазақ-түрік 

университетінің 

2-курс студенті.

Білім 28 мамыр 2019 г. 293 0