Ұлттық тестілеу орталығына жаңа басшы тағайындалды

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқару Дидар Смағұловқа жүктелді, -  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қасиетті Жұманы жаңа лауазымнан бастаймын! Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына ауыстым! Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтің шақыруын қабыл алдым. Сырттан сынау оңай, оны өзің түзету  күрделі. Маған ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндеті жүктеледі», - деп жазды Дидар Смағұловтың өзі facebook-тегі парақшасында.




Білім 21 маусым 2019 г. 337 0