Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі

Ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде іріктеу дер кезінді әрі дұрыс жасалып отырған шара. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Осы бүгінгі баспасөз мәслихатына келе жатқан жолда әлеуметтік желілерді шолып шықтым. Бұл ретте аталған бастамаға қоғам реакциясы өте позитивті екенін байқадым. Жазылған пікірлердің басым бөлігінде тұрғындардың, ұстаздар мен ЖОО басшылығының ұстанымы позитивті. Жалпы, конкурстық іріктеу шешімді қабылдаудың ашықтығын, бәсекелестікті қамтиды. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз тиісті құжаттарды дайындаймыз», - деді Білім және ғылым министрі.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қабылдады.
«ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды Президент жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», - деп жазды Мемлекет басшысы.


Білім 17 шілде 2019 г. 866 0