Ауыл мектебі қаладан қалыспау үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ­стан­дық­тардың әл-ау­қатын арттыруға ар­налған Жолдауында қала мен ауыл мектептері ара­сындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқандығын айтты. Бар­лық педагог жұмыс барысында жаңашылдыққа басымдық береді. Заман талабына сай олардың білік­тілігін арттыру маңыз­ды.

Жолдауда айтылған негізгі мәселе – ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығы жиі кездеседі. Сондықтан да мұғалімдердің әлеуетін көтере отырып, заман талабына сай бейімдеу алдыңғы орында тұруы керек. Негізінен жас мамандарды ауылға тарту мақсатында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту құптарлық жағдай. Ауылдан түлеп ұшқан әрбір жас маманға қолдау көрсету қажет. Мамандарды отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау келешек ауыл мектептерінің дамуына серпін береді. Озық технологияларды игеру арқылы ауыл мектептеріндегі мұғалімдердің білімі жетіле түседі.

Анар ІЗБАСАРОВА,

№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы.

Сырдария ауданы.

Білім 12 қыркүйек 2019 г. 92 0