Колумбия университеті кітапханасынан қазақ тарихына қатысты кітаптар табылды

БҰҰ–дағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов кеше әлеуметтік желідегі парақшасында  Нью-Йоркте Колумбия университеті кітапханасынан қазақтар жайлы, Қазақстан жайлы  әртүрлі жылдарда жарияланған ескі қолжазбаларды, кітаптарды кездесейсоқ көріп қалғанын жазды.

Олардың қатарында «Қазақ ССР ғылым академиясының хабарлары» (1959), «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941-1945» (1964), «Батыр Сырым» (1947)  кітаптары бар.

«Солардың ішінде бәрінен бұрын Британ офицері Ральф Кобболдың қазақ даласы, Балхаш көлі, Верный қаласы туралы жазбалары мен суреттері маған қызық болып көрінді», дейді Әнуар Жайнақов.

Бұл кітаптар «INNERMOST ASIA - Travels and Sport in the Pamirs» деген тақырыппен 1900 жылы Нью-Йоркте басылып шыққан. Авторы ХIХ-ХХ ғасырдағы Алматы мен жергілікті тұрғындар Теңіз деп атап кеткен Балқаш көлі, қазір жойылып кеткен Тұран жолбарыстары туралы жазған. Сондай-ақ жиһангез британдықтың назарынан Іле өзенінің айналасында өздерін «арғынбыз» деп таныстырған көшпенділер де тыс қалмапты.

Назар аударарлығы кітаптардың көпшілігінде «Құпия түрде тапсырылды» деген белгі тұр.      

АҚШ-тың Колумбия университетінің сирек кездесетін қолжазбалар бөлімінде Тұрар Рысқұловтың «Қазақстан» деп аталатын еңбегінің қолжазбасы табылды деген дерек осыдан бірнеше жыл бұрын елге жеткен еді. Бұл хабар тарихшылардың назарынан тыс қалды. Қолжазба Тұрар Рысқұловтың жұбайы Әзиза Рысқұловтың айтуынша, 1938 жылы ұсталған кезде НКВД көз алдарында тәркіленгенін айтқан. Әлі де іздесек, Рысқұловтың жарияланып үлгермеген қолжазбалары, қазақ тарихына қатысты өзге де деректер табылып қалар.

Алтын шыққан жерді белден қазу керектігін қаперде ұстаған жөн.    

Егемен.кз

Білім 16 қазан 2019 г. 106 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930