Критериалды бағалау: Вице-министр ата-аналардың петициясына жауап берді

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың білімін бағалау жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістерге қарсы шыққан ата-аналардың петициясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпы, Білім және ғылым министрлігінің бұл сұраққа қатысты ұстанымы қандай: біз қазіргі уақытта оның қайдағы петиция екенін білмейміз. Оны жазып отырған ата-аналар ма? Олар болса, қайдағы, қай санаттағы ата-аналар екенін білмейміз. Оны анықтау – біздің құзіретімізде емес. Бірақ, біз мектептермен де, ата-аналармен де, мұғалімдермен де жұмыс жүргізіп, ескі жүйенің қаншалықты артық немесе кем тұстарын түсіндіріп, дәлелдеп жатырмыз. Нақты нені жетілдіргелі отырғанымызды ұқтырудамыз. Түсіндіру жұмыстары тыңғылықты қолға алынды. Себебі, бұл жүйелі процесс. Бір күннің шаруасы емес», - деді Шолпан Каринова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде ата-аналардың оқушылардың білімін бағалау үшін қолданылып отырған бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар (БЖБ/СОР және ТЖБ/СОЧ) жүйесіне қарсы петициясы тараған болатын.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова бүгінде оқушылардың білімін бағалау үшін қолданылып отырған бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар (БЖБ/СОР және ТЖБ/СОЧ) тәртібін түсіндіріп берген болатын.




Білім 02 қараша 2019 г. 77 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930