Карантин: Компьютері мен интернеті жоқ студенттер қашықтан қалай оқиды?

Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова интернеті мен компьютері жоқ студенттер қашықтан қалай оқитынын түсіндірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бізде 8 колледждің 108 студентінде смартфон жоқ. Студенттер қашықтан оқуға жіберілер кезде оқытушылар оларға арнайы материалдар таратқан. Олар «Қазпошта» арқылы және басқа да жолдармен ұстаздармен байланыста отыр», - деді ол.
Г.Айтқұлованың айтуынша, педагогтар білім беруді үйлерінен жүргізіп отыр.
 «Менің ойымша, барлық оқытушыда ноутбук пен смартфон бар. Қазір білім басқармасы оқытушылардың қолындағы техника санын бақылауға алды», - деді басқарма басшысының орынбасары.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавируске шалдыққан 35 адам анықталды. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.


Білім 18 наурыз 2020 г. 315 0