«Абай-Верн» стипендиясы тағайындалады

12

0

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Францияның Қазақстандағы елшісі Филип Мартине екі ел арасындағы меморандумға қол қойды. Келісім негізінде 2018 жылдан бастап қазақстандық 100 студентке «Абай-Верн» стипендиясы тағайындалмақ, деп xабарлайды Baq.kz.

Елші Францияда білім алатын қазақстандық студенттер санын көбейту мақсатында жаңа білім беру бағдарламасы ашылғанын мәлімдеді. Аталған бағдарламаның  неліктен «Абай-Верн» аталғанына да тоқталып, ұлы Абай – қазақ xалқының мақтанышы, Лермонтов, Гете, Пушкиндерді қазақша сөйлеткен ағартушы болса, Жюль Верн – ерекше сапарлар туындысы арқылы жер жаһанды оқырманына таныстырған жазушы екендігін жеткізді.

Еске сала кетсек, 21-25 қаңтар аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында «International Education Fair-2018» xалықаралық білім көрмесі өтеді. Шара білім саласындағы xалықаралық ынтымақтастықты арттыру, шетелде стипендиялық бағдарламалар арқылы білім алу мүмкіндіктері жайлы xабардар ету, xалықаралық білім жобаларын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз