БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

135

0

Облыстық білім басқармасы мен М.Мәметова атындағы Қы­зылорда гуманитарлық колледжі мемлекеттік коммунал­дық қа­зы­налық кәсіпорнының ұйым­дастыруымен колледж базасында «Латын графи­касына көшу – болашақтың жарқын бағдары» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Шараның мақсаты – жаңа әліпбиді қоғамға насихаттап, қолданыс аясын кеңейту, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтас­тығын қамтамасыз етуге бағытталды.
Семинарға қаладағы техникалық және арнаулы оқу орындарының әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих және қоғамдық пәндер оқытушылары қатысты. Аталған колледж директорының міндетін атқарушы Ж.Тоғанова семинарға қатысушыларға шараның мақсатын түсіндіріп, қоғамдағы саяси маңызды бастамаға белсенді атсалысып, ой-пікірлерін ортаға салуға шақырды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Б.Боранбай жаңа әліпбидің рухани тұрғыдан әлемдік қарым-қатынаста ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Сол секілді облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ж.Ерекешова, қоғамдық пәндер оқытушысы С.Мәлімова, Г.Исаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Мұхитдинова сынды ұстаздар тақырыпқа терең бойлап, арнайы баяндамалар жасады.
Ғазиза ӘБІЛДА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз