Біріңғай оқу сағаты өтті

106

0

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен республиканың барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттердің және мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың біріңғай оқу сағаты» іс-шарасы өткізілді.
Осы біріңғай республикалық іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледждер және 284 орта мектептер қосылып, онда оқытушылармен оқу сағаттары жүргізілген болатын.
Аталған біріңғай сабақ 2015-2025 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелер тақырыбында ғаламтор желісі арқылы тікелей эфирге қосылуымен жүргізілді.
Өткізілген оқу сағаттарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстырып, телеарналарда, баспаларда және ғаламтор желісінде ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік желілердегі тікелей эфир қосылуымен жаппай жариялануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз