ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ

196

0

«Мәдени мұра – рухани құндылық» тақырыбында «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы университет студенттері мен жергілікті БАҚ өкілдеріне таныстырылды.
Орталық жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжікеев алдымен орталықтың негізгі атқаратын жұмыстары мен маңызын айта келіп, көне дәуірлік мұралардың құндылықтарына тоқталды. 2004 жылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын кешенді зерттеу мақсатында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты арасында үшжақты келісім жасалды. Сол келісім негізінде Орталық қызметкерлері Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеуге бағытталған ғылыми ізденістер жүргізіп келеді. 2004 жылдан бастап Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институттары ғалымдарымен бірлескен ортағасырлық Жанкент қаласында және антикалық Шірік-рабат, Баланды ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді. Ал 2005-2007 жылдары Орталық қызметкерлерінің қатысуымен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлескен РФ Астрахан облысындағы, Батыс Моңғолияның Баян-өлке аумағындағы және Ақтөбе облысындағы этникалық қазақтардың тұрмыс-тіршілігін зерттеу мақсатында құрылған этнографиялық экспедиция жұмыстары жүргізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз