ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЕНГІЗІЛДІ

226

0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» бұйрығына сәйкес 17-18 қараша күндері қаладағы «Мұрагер» мектебінде оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізу, сондай-ақ, аймақтарда педагогтар қауымын 3, 6 және 8-сыныптарға арналған оқулықтардың тұжырымдамасымен таныстыру және талқылау мақсатында әдістемелік семинар болып өтті.
Семинарға «НЗМ» АҚ Білім беру бағдарламалар орталығының лингвистикалық пәндер бөлімінің басшысы Жанабай Әбуов, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім институтының директоры Қайыржан Рахымжанов және «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бибіткүл Каримова қатысты. Сонымен қатар, республика бойынша 70-ке жуық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдардың авторлары және облыс бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, жалпы білім беретін орта мектептердің директорлары, мұғалімдер, БАҚ өкілдері болды.
Жаңартылған білім мазмұны негізінде дайындалған үлгілік оқу жоспары бойынша 2016-2017 оқу жылында бірінші сыныптар, биылғы оқу жылында 2, 5, 7-ші сыныптар, ал келесі оқу жылында 3,6,8-ші сыныптар оқытылатын болады.
Бүгінгі таңда елімізде жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы мақсатта республика бойынша 30 пилоттық мектеп сынақтан өткізілсе, оған облыстағы 2 мектеп қатысып, биыл бұл бағдарламамен білім алып жатқан балалар 3 сыныпқа өтті.
Республикалық семинардың маңыздылығы – 3, 6, 8-сыныптарда пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптауға мүмкіндік беріліп, білікті ұстаздар тарапынан орнықты ой-пікірлер айтылды. Жаңа оқулықтардың мазмұны мен оны пайдалану бағытындағы басымдықтар айқындалды. Сонымен қатар, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру пәндері бойынша оқу бағдарламаларының презентациясы-типтік оқу бағдарламаларын әзірлеушілер, баспа үйінің авторлық өкілдері – оқулықтардың авторларымен 17 пән бойынша секция жұмыстары жүргізілді.
Ғазиза ӘБІЛДА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз