АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ БЕРЕКЕЛІ БЕЛЕСІ

122

0

Облыс диқандарының бейнеттен
бел жазып, жерден несібе теретін мерейлі мезгілі – күз айлары да орталанып
қалды. Бүгінгі күндері жергілікті еңбекші қауым дала қосында тер төгіп, әрбір
күннің жылға азық екенін ұғына түсті. Қамбаға жүзін күн сүйген күміс дән
құйылып жатыр. Көңілге көрікті ойды қонақ еткізетін осы бір мерейлі мезгіл
ауылдағы ағайынды көл-көсір табысқа кенелтеді. Үстіміздегі жылы да шаруалар
уақытпен санаспай еңбек етті. Әрбір дақылды мәпелеп, алақанға салып аялай
түсті. Соның арқасында астық та бітік шығып, елдің еңсесін көтеріп отыр деуге
негіз бар. Биылғы жылғы егін жинау жұмыстарының қорытындысы мен ауыл
шаруашылығы саласының жетістіктері туралы облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов әңгімелейді:

– Рас, биыл ауа райы сан құбылды. Күн қабағының
осындай қолайсыз екеніне қарамастан, межеленген егіс көлемі агротехникалық
талаптарға сай мерзімінде егілді. Вегетациялық кезеңде барлық егіс көлемі
суармалы сумен толық қамтамасыз етілді. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын
қолдауға үлкен мән беріліп келеді. Yстіміздегі жылы егіншілік саласын
субсидиялауға бюджеттен 5,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Одан басқа, «Агробизнес-2020»
бағдарламасы бойынша шаруашылық құрылымдарына берілген несиелердің пайыздық
ставкаларын субсидиялау, инвестициялық субсидия, тағы да басқа бағыттар бойынша
шаралар атқарылуда.

Бүгінгі күнге облыс бойынша күріш жинау жұмыстары
аяқталды. Барлығы 78939
гектар күріш алқабынан астық жиналды. Орташа өнім
гектарына 50,1 центнерден айналды. Ол былтыр 2013 жылы 48,8 центнерден келген
еді. Осының нәтижесінде 395370 тонна күріш салысы қамбаға құйылды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 2533 гектар күздік, 1524 гектар жаздық
бидай, 567 гектар
арпа, 626 гектар
тары, 655 гектар
дән жүгері, 5539,5
гектар картоп, 4843,5
гектар көкөніс, 7722
гектар бақша, 98 гектар күнбағыс, 765 гектар мақсары, 100 гектар мал азықтық
асқабақ, 1030 гектар
сүрлемдік жүгері, 80
гектар сорго және 4870 гектар тұқымдық
жоңышқа, 31382 гектар
жоңышқа дақылы жиналды. Осының арқасында 3290 тонна күздік бидай, 1152 тонна
жаздық бидай,122 тонна арпа,1392 тонна тары,2135 тонна дән жүгері, 87615 тонна
картоп, 87537 тонна көкөніс, 161774
тонна бақша, 188 тонна күнбағыс, 541 тонна мақсары, 1500 тонна мал
азықтық асқабақ, 9880 тонна сүрлемдік жүгері, 176 тонна сорго және 333 тонна
тұқымдық жоңышқа,126575 тонна жоңышқа елдің несібесіне айналды.

Егін жинау және күзгі дала жұмыстарына 1812 дана
трактор, 881 дана комбайн, 434 дана жатка, 412 дана жүк автомашина және 932
дана трактор тіркемесі қатысты. Күзгі дала жұмыстарын дизель отынымен
қамтамасыз етуде облыста 10 оператор белгіленіп, қажетті дизель отыны, бензин
және қою маймен шаруашылықтар толық қамтамасыз етілді. Келесі жылдың егісіне
қажетті 22,2 мың тонна күріш, 637 тонна бидай және 106 тонна жоңышқа, 36 тонна
мақсары тұқымы құйылып, шаруашылықтарда
күздік егу және сүдігер көтеру жұмыстары жүргізілуде. Облыста құрылған күріш
кластері аясында «АгроХолдинг» Байқоңыр» ЖШС 42 ауыл шаруашылығы құрылымдарымен
күріш салысын алдын ала сатып алу жөнінде келісім-шарт жасасып,
шаруашылықтардың сұранысы бойынша егін егу жұмыстары 809,9 млн. теңгеге
қаржыландырды.

Мал шаруашылығы саласы бойынша да жасалған жұмыстар
баршылық. Үстіміздегі жылдың жылдың 1
қазанына дейінгі мәліметке сүйенсек, облыс бойынша 263,4 мың бас мүйізді ірі қара, 609,4 мың бас
қой мен ешкі, 86,3 мың бас жылқы,
35,7мың бас түйе, 2,6 мың бас шошқа және 97,8 мың
бас құс өсірілуде. Салыстырмалы кезеңде ет өндіру 38,0 тоннаға (0,2 пайыз), сүт өндіру 2,5 мың
тоннаға ( 4,4 пайыз) өсті. Мал шаруашылығы ғылыми негізде дамыту мақсатында
еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтары Батыс Қазақстан облысы Жәңгір хан
атындағы университет ғалымдарымен және мал тұқымын асылдандыру үшін селекциялық
жұмыстарды жетілдіруге қазақтың ақ бас сиырының және еділбай қойының
селекциясын жүргізуге нақты келісім жасалды. Сонымен қатар, Оңтүстік Батыс егін
және мал шаруашылығын дамыту Ғылыми зерттеу институты мамандарымен әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған
қаракөл қойының көк түсін өсіру мақсатында ғылыми жұмыстар жүргізілуде.

«Ірі қара мал
етінің экспорттық әлеуетін дамыту туралы»
жобаға сәйкес, 2011-2015 жылдары облыста
фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыруға 8700 бас мүйізді ірі қара малының
аналығын сатып алып фермерлік
шаруашылықтар ұйымдастыру жоспарланған. Бағдарлама аясында 2011-2015
жылдары барлығы 5000 мал бордақылайтын
алаң салу жоспарланған. Өткен жылы үш шарушылық өз қаржысы есебінен 750 басқа
арналған мал бордақылау алаңын салды. Облыс бойынша есептік номер алған
қуаттылығы 1650 басты құрайтын 18 мал бордақылау алаңы жұмыс жасауда.
Үстіміздегі жылға облыс бойынша 1700 бас аналық және 57 бас бұқа сатып алу
жоспарланған. Қазіргі таңда 42 шаруашылық 320,2 млн. теңге несие алып, 1858
бас, 93 бұқа алды.

«Алтын асық»
бағдарламасы бойынша да бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Оны іске асырудың
басым бағыты Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы мал шығынына ұшыраған
шаруашылықтардың қой сатып алуына беріліп отыр. Осы екі ауданнан, үстіміздегі
жылы мамыр айында орын алған табиғи апат салдарынан 5754 бас қойдың шығыны орын алған. Осыған
байланысты зардап шеккен шаруашылықтар қатарынан шығындарын өтеп беру жөнінде
ұсыныстар түскен болатын. Соған сәйкес «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1
шаруашылық «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 15,0 млн.
теңге несие алып 750 бас қой сатып алды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 11
шаруашылық 9262 бас қой, 45 қошқар алуға тапсырыс берді. Жақын күндерде
қаржыландыру мәселесі шешіледі деп күтілуде.

Егін жинау және күзгі дала жұмыстарына 1812 дана
трактор, 881 дана комбайн, 434 дана жатка, 412 дана жүк автомашина және 932
дана трактор тіркемесі қатысты. Күзгі дала жұмыстарын дизель оты­нымен
қамтамасыз етуде облыста 10 оператор белгіленіп, қажетті дизель отыны, бензин
және қою маймен шаруашылықтар толық қамтамасыз етілді. Келесі жылдың егісіне қа­жетті
22,2 мың тонна күріш, 637 тонна бидай және 106 тонна жоңышқа, 36 тонна
мақсары тұқымы құйылып, шаруашылықтарда
күз­­дік егу және сүдігер көтеру жұмыс­тары жүргізілуде. Облыста құрылған күріш
кластері аясында «АгроХолдинг» Байқоңыр» ЖШС 42 ауыл шаруашылығы құрылым­дарымен
күріш салысын алдын ала сатып алу жөнінде келісім-шарт жасасып, шаруашылықтардың
сұранысы бойынша егін егу жұмыстарын 809,9 млн. теңгеге қаржыландырды.

Мал шаруашылығы саласы бойынша да жасалған жұмыстар
баршылық. Үстіміздегі жылдың 1 қазанына
дейінгі мәліметке сүйенсек, облыс бойынша
263,4 мың бас мүйізді ірі қара, 609,4 мың бас қой мен ешкі, 86,3 мың бас жылқы, 35,7 мың бас түйе, 2,6 мың бас шошқа және 97,8 мың
бас құс өсірілуде. Салыстырмалы кезеңде ет өндіру 38,0 тоннаға (0,2 пайыз), сүт өндіру 2,5 мың
тоннаға (4,4 пайыз) өсті. Мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту мақсатында
еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтары Батыс Қазақстан облысы Жәңгір хан
атындағы универ­ситет ғалымдарымен және мал тұқымын асылдандыру үшін
селекциялық жұмыстарды жетілдіруге қазақтың ақ бас сиырының және Еділбай
қойының селекциясын жүргізуге нақты келісім жасалды. Сонымен қатар, Оңтүстік
Батыс егін және мал шаруашылығын дамыту ғылыми-зерттеу институты
мамандарымен әлемдік нарықта сұ­ра­нысқа
ие болып отырған қаракөл қойының көк түсін өсіру мақсатында ғылыми жұмыстар
жүргізілуде.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту
туралы» жобаға сәйкес, 2011-2015 жылдары
облыста фермерлік шаруашылықтар
ұйымдастыруға 8700 бас мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып,
фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыру
жоспарланған. Бағдарлама аясында 2011-2015 жылдары барлығы 5000 мал бордақылайтын алаң салу
жоспарланған. Өткен жылы үш шаруашылық өз қаржысы есебінен 750 басқа арналған
мал бордақылау алаңын салды. Облыс бойынша есептік номер алған қуаттылығы 1650
басты құрайтын 18 мал бордақылау алаңы жұмыс жасауда. Үстіміздегі жылға облыс
бойынша 1700 бас аналық және 57 бас бұқа сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда
42 шаруашылық 320,2 млн. теңге несие алып, 1858 бас сиыр, 93 бұқа алды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша да бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Оны іске асырудың басым бағыты Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы мал шығынына ұшыраған шаруашылықтардың қой сатып алуына беріліп отыр. Осы екі ауданнан, үстіміздегі жылы мамыр айында орын алған табиғи апат салдарынан 5754 бас қойдың шығыны орын алған. Осыған байланысты зардап шеккен шаруашылықтар қатарынан шығындарын өтеп беру жөнінде ұсыныстар түскен болатын. Соған сәйкес «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1 шаруашылық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы арқылы 15,0 млн. теңге несие алып 750 бас қой сатып алды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 11 шаруашылық 9262 бас қой, 45 қошқар алуға тапсырыс берді. Жақын күндерде
қаржыландыру мәселесі шешіледі деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз