“ҚАНАТҚАҚТЫ” ЖОБА АУЫЛДЫ ҚОЛДАЙДЫ

49

0

«Байқоңыр
инвест” инвестициялық форумының «Экономиканың жаһан­да­нуы жағдайында Қызылорда
облы­сындағы шағын және орта бизнестің ролі. Микробизнесті дамыту” секциясын облыс
әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов жүргізді.

Кәсіпкерлікті
дамыту саласындағы қазіргі ахуал жағдайға бейімделіп жос­пар құруға, болжамдар жасауға
негіз болып отыр. Секция отырысында орта және шағын бизнесті дамытудағы көптеген
мәселелер талқыға түсті. ҚР Ұлттық Экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің
директоры Ғ.Жолдыбаева ерекше кезең­дегі кәсіпкерлікті дамытуда мемлекет ұстанған
саясат туралы айтты. Соны­мен бірге еліміздің ДСҰ-ға кіруінің ба­сым­дықтары, оның
бизнесті дамытуға әсері, отандық тауарөндірушілерге көр­се­тілетін қолдау туралы
жан-жақты мәліметтер ұсынды.

Отырыста
өңірдегі микробизнесті дамыту мәселелері егжей-тегжейлі тал­­қы­­ланды. Секция барысында
«Қазақ­стан­­ның даму банкі” жобалау дирекция­­сының жетекшісі С.Кенжебаева ша­­­­ғын
және орта бизнеске көрсе­тілетін инвестициялық қызметтер туралы түсіндірді.

Қазан айында
облыстық кәсіпкерлер кеңесінде микробизнесті дамыту бойынша пилоттық жобаны іске
асыру туралы шешім қабылданған еді. «Микробизнес-Қызылорда” жобасын іске асыру үшін
облыс әкімдігі мен «Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында келісімге қол
қойылған. Келісім бойынша екі тарап ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға инвестиция салады.
Несиені беру шарттары, әсіресе кепілдікті қамтамасыз ету шарты қарапайым. Осы жиында «Қызылорда аймақтық инвестициялық орталығы”
микроқаржы ұйымының таныстырылымы өтті. Серіктестіктің
басқарма төрағасының уақытша міндетін атқарушы С.Ерниязов аталған жобаның ауыл кәсіпкерлеріне
беретін оңтайлы мүмкіндіктерін атап өтті.

Секция жұмысы
аймақтардағы кә­сіпкерлікті дамытудағы микро­биз­нес­тің ролін жан-жақты талдаған
«Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Н.Әлтаев
пен облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың меморандумға қол қоюымен қорытындыланды.

 

М.МЕРЕЙ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз