“ҚАРА АЛТЫН” БАҒАСЫ

88

0

алаңдаушылық
туғызуын тоқтатар емес

Нигериядағы мұнай ұрлы­ғы проблемасы және әртүрлі дивер­сиялардың болуы
салдарынан, ел билігі террористік «Боко Харам» тобымен ұзаққа созылған соғыс
жүргізуде. Мұнай бағасының төмендеуі елдің осы бір радикалды ұйыммен күрес
жүргізуге қор таба алмайтындай жағдайға жеткізуі мүмкін.
Ирак араб республикасының премьер-министрі Хайдер аль-Абади мұнайдың
әлемдік бағасы түсуінен кейін өз елінің экономикасы «апатты» жағдайда қалып
қойғанын айтты. Ол сондай-ақ мұнай бағасына байланысты қалыптастып отырған
ахуалдың «Ислам мемлекеті» экстремистік тобырына қарсы күреске кері әсер етуі
мүмкін екенін еске алды. «Мұнайдың бағасы өткен жылдың осы мерзіміне қарағанда,
шамамен 40 пайызға түсіп кетті. Ирак эко­номикасы мен бюджетінің 85 пайызын
мұнай құрайды. Сон­дықтан мынадай жағдай біз үшін нағыз апатты әкеліп отыр», —
деді аль-Абади Лондонда өт­кен «Ислам мемлекетімен» күрес коалициясы
мүшелерінің кезде­суінен кейін.
Жалпы саясатшылардың бір бөлігі мұнай өндіретін бірқатар елдердегі
геосаяси тұрақсыздық жасау бұл әлемдегі лидерлік ор­­нын сақтап қалуды мақсат
тұт­қан АҚШ мемлекетінің әре­кеті деп есептейді. «Мұнай баға­сы қазір әлемдік
үстемдікке ие болғысы келген Қытай мен АҚШ арасындағы күрестің бір құра­лы
іспеттес» дейді ресейлік сарап­шылар.
Қара алтын өндірісімен ғана жан бағатын мемлекеттер бөрік­терін аспанға
атты деуге болар соңғы күндері. Өйткені, 60 пай­ызға арзандап кеткен мұнай
бағасы едәуір өсті. Бренд барреліне 62 доллардан саудалануда. Ал осыдан шамалы
уақыт қана бұрын, бұл көрсеткіш үлкен апат әкелетіндей болып көрініп еді. Өткен
жылдың маусым айында баррелі 115 болған мұнай әуелі 100, одан кейін 90,
іле-шала 80 доллар болып арзандағанда эко­но­микалық сарапшылар «бұл баға­ның
ең төменгі құлдырау шегі болар, бұдан жағдайды мұнайлы елдер экономикасы көтере
алмай­ды» деп сәуегейлік жасап еді. Енді, міне, 62 долларға қуанып отырған
жағдайы бар.
Мұнай бағасы ең бір болжауы қиын факторлардың бірі. Ешбір сарапшы ұзақ
мерзім тұрмақ, тіпті алдағы үш айда баға қай деңгейге шығатынын айтып бере
алмайды. Оған бір себеп, қазіргі күнде әлем барған сайын күрделеніп ба­рады.
Алпауыт елдер арасында текетірестер аз емес, шешімін таппаған түрлі саяси
жағдайлар да мұнай бағасының саясилануына ық­пал етіп отырғанын жоққа шы­ғар­майды.
Солай бола тұрса да амал жоқ саланы мамандарының сөзіне құлақ салмай тұра алмай­сың.
Ал ОПЕК-тегі Кувейт өкілі Му­хаммед аш-Шаттиалдағы бес жылда мұнайдың бір
барре­лі­нің бағасы  100 долларға дейін қым­баттамайтынын айтып­ты.
Сондай-ақ, аш-Шатти мұнай нарығындағы жағдай тұрақта­латынын, ал 2016 жылға
деген болжамды ағымдағы жылдың екінші жартысында жа­сауға болатынын алға
тартқан. Со­нымен бірге Кувейт өкілі мұ­най бағасының құлдырауына ОПЕК құрамына
кірмейтін елдер кінәлі екенін айтыпты. Мұндай пікірді бұған дейін ОПЕК-тің бас
хатшысы Абдулла әл-Бадри де айт­қан болатын. Ол төмен қарай құл­дыраған
мұнайдың бағасы таяу арада шарықтайтынын ай­тып сендіргісі келеді. Оның пайым­дауынша,
алдағы 3-4 жылда қара алтынның бір баррелі 200 долларға дейін көтеріледі.
Себебі, қазір мұнай қоры өте көп. Бірте-бірте бұл салаға қызығушылық
білдірушілер саны 2008 жылдағыдай азаюы мүмкін. Салдарынан оны өндіруге
бөлінетін қаржы да қысқарады. «Бұл мұнай тапшылығын тудырып, сәйкесінше, қара
алтынға деген сұра­ныс қайта ұлғаяды», деген әл-Бадри. Қалай болғанда да, бүкіл
әлем көз тігіп отырған мұнай бағасы бүгінгідей мүшкіл халінен төмендемейтін
сияқты. Ал оның қан­шалықты қымбаттайтынын нақ­ты ешкім айта алар емес. Бәрі де
тек болжамдар ғана.
Алайда, қара алтынның құн­сыз­дануынан қатты қорыққан әлем­дегі ірі мұнай
компаниялары бүгінгі күнге дейін 100 мыңнан астам қызметкерін жұмыстан бо­сатқан.
Тағы 15 мыңнан астам мұнайшы кезекте тұрған көрінеді. Ал, жаппай қысқартуға
бүгінгі ба­ға бәсінің қалай әсер етері әзір­ге беймәлім. Американдық Swift
«Worldwide Resources рек­ру­тинг» компаниясының бас ди­рек­торы Тобиас Рид жұмыстан бо­сатудың
негізгі үлесі АҚШ мұнай секторына тиесілі және негізінен сланец мұнайын өндіру
жобаларын қозғайды, деп атап өтті. Сондай-ақ мұндай қысқартулар Шотландияның,
Австралияның және Бразилияның бірқатар ірі жобаларын да қамтыды.  «BP»
және «Royal Dutch Shel» ірі мұнай компанияларының басшылары шы­ғындарын 40
млрд. доллардан ас­там сомаға қысқартатынын жа­рия­лады және мұнай нарығындағы
жағдай түзелмесе, бұдан да көбі­рек қысқартуларға баратынын мәлімдеді.
Иә, мұнайы бар елдің құдайы бар деп саналады. Алайда, бүгінгі күні
олардың өзіне қиын соғып тұрған жайы бар.
 
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз